ЖАС ДОС, «ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚОШ КЕЛІҢІЗ!!!
СІЗ ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАДЫҢЫЗ!!
«Тұран» университеті гуманитарлық заң факультетінің «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының жемісті жұмыс істеп келе жатқанына біршама уақыт болды. Әсіресе, республикалық БАҚ-та маман дайындауда кафедра үлкен үлес қосып келеді. Журналистика бөлімі қазіргі заман талабына сай білім беру бағдарламаларымен оқытады. Бүгінде күндізгі журналистика бөлімінде 231 студент және магистранттар білім алуда.
Жаңа технологиялармен жабдықталған дәрісханалар мен компьютерлік сыныптар, радио, телестудия барлығы студенттің талапқа сай маман болуына бағытталған. Студенттерге білікті медиа саласының белгілі тұлғалары мен журналистика білім беру саласында үздік ұстазадар, профессор ғалымдар сабақ береді. Сонымен қатар шетелдік профессорлардан онлайн қашықтан білім алу мүмкіндіктері қарастырылған. Әр студент өзінің жеке веб сайттарын құрып, шығармашылығын дамытады. Телеарналар мен радиостудияларда, республикалық басылымдар редакцияларында, құзырлы мекемелердің баспасөз орталықтарында өндірістік тәжірибеден өтуге бар жағдай жасалған.
Бүгінде журналистика бөлімінің студенттері мультимедиалық технологияларды меңгеріп қана қоймай сонымен қатар бизнес журналистика саласының қыр-сырын меңгеріп, фактчекинг, сторителлинг өнім жасау тәсілдерін пайдаланып материалдар дайындайды.
«ТҰРАН» университеті еліміздің ертеңі жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беруде, заманауи мықты маман дайындауда өз үлесін молынан қосып келеді.
Құрметті талапкер, мамандық таңдауда «ТҰРАН» университетін таңдасаңыз өкінбейтініңіз анық! Өйткені «ТҰРАН» жастардың таңдауы! Университет есігі сіздер үшін әрқашан ашық!
БАСТЫ БЕТ
маңызды мақалалар топтамасы
"Қашықтан оқыту – заман талабы" - Кенесова Айсауле мақаласы
23.04.2020
Қашықтықтан оқу осы сөз қазіргі кезде жиі айтылып ,естілетін болып алды ма өзі қалай? Əлемдегі өзгерістерден қазір барлық оқушылар мен студенттер қашықтықтан оқуды меңгеріп алды. Қашықтықтан оқуды біздің университет жақсы ,жүйелі түрде жүргізіп жатыр деп айта аламын.
ТЕАТР – ӨМІР БЕЙНЕСІ
1 қазан 2019
Театр – қоғамдық ой-сананың негізгі формаларының бірі.
Театр – халықты эстетикалық адами ізгілікке тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады. Ол ортаның өзгеше бір қасиеті, сахналық мазмұн желісі, идеялық-эстетикалық болмысы драма арқылы ашылуы өзінше бір әлем. Көрермен театр сахнасындағы қойылымды бар ынта-зейінімен, ынтызарлығымен тебірене көреді. Театрдың тәрбиелік қызметі мен идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық жағы пьесадағы басты тұлғаны сомдау барысы, сахналық кейіпкерлердің характерлерін жасайтын тұлғалар – актерлер.
ТҰРАН КІТАПХАНАСЫ – САРҚЫЛМАС БІЛІМ ОРДАСЫ
25 қыркүйек 2019
Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына. Кітапхана –заманалар толқынында тербетіліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесінің жиынтығы. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше. Осы тұста өзімнің жоғарғы оқу орным – «Тұран» университетінің кітапханасы жайлы сөз қозғағым келеді.
Все, что нужно знать об оптоволокне
12 января 2023 г.
Разместите здесь опубликованную статью с небольшой аннотацией и ссылкой. Чтобы привлечь внимание читателей, вы также можете добавить изображение или видео. Расскажите о подробностях создания текста или иных примечательных фактах, чтобы заинтересовать читателей. Не забудьте добавить ссылки на оригинальную статью в сети.