Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы қазан айындағы Қазақстан халқына жолдауында келе жатқан 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынған болатын. Президент өз сөзінде жастарды қолдауды және де барлық жағынан көмектесетінін айтып кеткен болатын. Міне, арада бір ай өтіп, Елбасы жарлығымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Елбасымыз Астанада өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты салтанатты шараға қатысып, осы жылы жас отбасылар мен, жас мамандарды қолдауға қатысты бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Мемлекет басшысы жастардың баспана жағынан қиналатынын ескеріп, еліміздің ірі қалаларында жылына 1 мыңнан кем емес пәтер, жұмыс істейтін жастар үшін салынсын,-деп Үкіметке тапсырды.
Президент «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Осы тұрғыда Елбасымыз жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаражат көлемін екі есеге арттыруды жүктеді.
Елімізде «Дипломмен ауылға» атты бағдарлама бар. Елбасы бұл бағдарламаны да ескере отырып, мамандықтар тізімін кеңейтуді ұсынды. Жастардың көшіп барғаны үшін төленетін жәрдемақы мөлшерін 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру керектігін айтып өтті.
Бұдан бөлек Елбасымыз волонтерлікпен айналысатын ЖОО студенттерінің шәкіртақысын 30%-ға арттыруды тапсырды.
Елбасы бұл тапсырмалармен шектелген жоқ. Жастарды барлық жағынан қамтамасыздандыруды тапсырды. Жұмыс, баспана, шет елде оқу, жас мамандар, қаржыландыру барлығы іске асырылсын деп бұйырды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды "Жастар жылы" деп белгілеген соң, еліміздегі университеттер қызу іске кірісті, соның ішінде біздің "Тұран" университеті де бар. Университет шет елде оқу бағдарламасын енгізіп, студенттерді 1 жылға шет елге оқып келуге жібермекші. Кез-келген студент қалауы бойынша барып оқып келе алады. Оқу ақысы грант иегеріндегілерге тегін, тек жол ақысын төлейді. Университетіміз бұнымен тоқтамай басқа да жұмыстармен айналысып жатыр.
Мемлекет басшысы жастар үшін барлық жағдайды жасауда. Елбасымыздан осындай көмек көрсетілгеннен кейін, жастар дамиды, өседі, өнеді!
Себебі, еліміздің болашағы жастардың қолында!
Перизат АБДАЛИНА
Тұран Университеті
Журналистика факультетінің 3 курс студенті
Comentários