top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Маяк

Әне барам, міне барам деп кейінге қалдыратын сапарлар өте көп. Уақыт тапшылығы, оқу, үй тірлігі дейтін заттар бізді бір орында қалып қоюға міндетті қып қойғандай. Қанша күн, мейлі аз, мейлі көп қиып, өзімізге арнағанды жөн деп табамыз, бірақ оны жүзеге асыра бермейміз. Осы жыл барлығымыз үшін қиын жыл болды. Қарғыс атқыр бұл кесел барлығымыздың жоспарымызды бүлдірді десем өтірік емес.

Маусым. Карантин кішкене болсын жеңілдетілді. Бұл сәтті жіберіп алмайын деп өзімнің бала кезімнен армандап жүрген жеріме баруды жөн көрдім. Сіздер ойлап отырғандай бұл шетел емес, бұл біздің елдің керемет табиғаты бар – «Үлкен Боқтыбай көлі»деп аталатын жер. Кітапта бұл жерді осылай атанғанымен, біз, неге екені белгісіз, «Маяк» деп атап кеттік.

Осындай әдемі табиғаты бар жерге бару кімде-кімнің болсын арманы.

Сонымен, бүгін маусым айының 22-ші жұлдызы. Бүгінгі күн басқа күндерге қарағанда ерекше. Отбасымыз, туысқандармен осы жерге баратын болдық. Жүріп келеміз, жүріп келеміз. Қазақтың құлашын жайған табиғатына сөз жоқ қой, шіркін! Жол бойы тамсанумен болдым. Қызық,айналаға қарап: «осындай кең болармысың?» деп ойладым. Әрине, бұл Қазақстанның бір шеті ғана. Ұшы қиыры қайда жатыр дерсіз. Қазақтың кең даласын қазақтың кеңшілдігіне теңедім. Кез келгенді құшақ жая қарсы алатын, өзіне бауыр қылып алатын қазақтай кеңпейіл халық жоқ шығар. Аздап-аздап қана өскен, желдің екпініне майыса, бұрала теңселіп тұрған талдарға қарап, қазағымның момындығын көргендей болдым. Мал иесіне тартады деуші еді ғой, сол секілді осындай дархан жерлеріміз, бейне бір қазақ халқын бейнелеп тұрғандай.

Армандап жүрген жеріме келдім. Ауасы біз жұтып жүрген ауадан мүлде бөлек. Ауасын жұтып өзгеше бір күйге ендім. Табиғаты туралы сөзім жоқ! Осы көріністерге қарап шабыт алдым.

Бәрін айт та, бірін айт. Көпті жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра демей ме? Сол көпті көруге жазсын. Өзге жердің мәдениетін, салтын саралау, керегін алу керек дүние екендігіне көзім жетті. Уақытың басым болып тұрған өмірде кішкене болсын уақытымзды осындай есте қалатын сапарларға арнайық.


Журналистика факультеті 2-курс

Арыстанбаева Аягөз

4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page