top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Top-3 жаңалық: шындық vs жалған

Төмендегі доллар және коронавирус инфекциялары жайлы мәліметтердің шындығы немесе жалғандығына назар аударыңыздар.


1.«Бүгін таңертең америкалық валюта 2 теңгедей қымбаттады. Доллар бағамы 421 теңгеден асқан. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында көрсетілген» деп хабарлайды kaz.nur.kz сайты 19 наурыз күні.

ҮКІМ: ЖАЛҒАН.

Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтындағы, nationalbank.kz статистикасына сүйенетін болсақ, 19 наурыз күні америкалық доллар құны 419,17 құрады.

2.«Елімізде бір тәулікте тағы 1000-нан аса адамнан коронавирус анықталды. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте тағы 1105 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп, coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған».

ҮКІМ: ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ.

Coronavirus disease мәліметіне жүгінсек, өткен тәулікте, яғни 24 наурыз күні 1000-нан аса адамнан инфекция анықталғандығы рас, алайда 1105 емес, 1111 санын құрайды.

3.«Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 212 мыңнан асты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 212091» деп хабарлайды 24.kz сайты 23 наурыз күні.

ҮКІМ: ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ.

Coronavirus disease 25 наурыз күнгі мәліметіне қарай отырып, тіпті 261 мың жазылғандар бар екенін көреміз.


Сонымен қатар, coronavirus2020.kz сайтының 23 наурыз күнгі статистикасынан 213743 және 46864 сандарын байқауға болады, оларды қоссақ, 260607 жазылғандар бар екенін анықтаймыз.


Иә, бұл көрсеткіш 212 мыңнан асып тұр, бірақ 212091 саны сійкес келмейді. Сол себепті, «жартылай шындық» үкімі қойылды.

Айару Дәулет

6 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page