top of page

Work and travel

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 18 окт. 2019 г.
  • 1 мин. чтения


Work and Travel - танымал мәдени алмасу бағдарламасы. Студенттер жазғы демалыс кезінде төрт ай жұмыс істеп, азын-аулақ ақша табу мен саяхаттау үшін Америкаға барады. Қазақстандақ студенттер АҚШ-қа бару үшін жыл сайын J1 визасын қолданады.


Бағдарламаның пайдалы тұстары көп. Ең бастысы - жақсы табыс, ағылшын тілін жетілдіріп, жаңа мәдениет пен америкалық қоғаммен танысуға болады. Біз қайда жүрсек те Батыс жайлы естиміз. Онда бәрі қызығатындай, соншалық не бар екенін мен де білгім келді.


«Work and travel» бағдарламасы аясында студенттердің көбісі негізінен курорттық жерлерде, қонақ үй мен мейрамханаларда даяшы болып істейді. Кейбіреулері ұлттық саябақтарға жұмысқа тұрады.


АҚШ-қа аталмыш бағдарлама арқылы негізінен Ресей, Украина, Қазақстан сияқты ТМД елдерінен, Шығыс Еуропа мемлекеттерінен, Бразилия, Түркиядан студенттер барады.


Автор: Наргиз Бекен

 
 
 

Comments


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page