top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Адам және азамат


Адамзат баласы мына қара жерде пайда болғалы бері небір оқылым заманалар өтіп, қаншама ұрпақтар жалғасын табуда. Алайда, өзге жаратылыстардан адамзат баласы ақылды сана – сезімі күшті болғанымен нағыз әділетті, нағыз мамыражай қоғам құра алмай келеді.

Адам баласы өмірге бір – ақ рет келеді. Бұл жалған ешкімге мәңгілік, тұрақты емес. Әркім жарық дүниеде еркіндік пен бостандықта өмір сүргісі келеді. Әрине, адам жалғыз өмір кеше алмайды, қоғамдасып өмір сүреді, қоғамның белсенді субъектісі. Адам қоғамдық құрылымда, оның бірлігінде, институттарында, ұйымдарында, әрекет ететін шешуші тұлға. Сөйтіп, адам біртұтас, әлеуметтік жүйеге яғни, қоғамға бірігіп өмір сүреді. Алайда, қоғам деген құпиясы терең, күрделі материя. Қоғам деген түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Нақты айтқанда қоғам адамаралық қатынастарды реттей отырып, адамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, әрі рухани – мәдени құндылықтарды жасаудағы өзара байланыстарды реттейді. Қоғамдық қатынас өте күрделі әрі ерекшеліктерге толы. Ол – адам өміріндегі экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени салаларын реттейді, қоғамдық қатынас түрлерін жасайды. Қоғамдағы субъект топтық сипатты иеленеді әрі адам сол қоғамға енгісі келе ме, жоқ па? Соған қарамай өмір сүреді. Бұл ерекшеліктерсіз қоғам өмір сүру мүмкін емес. Жаратылыс әлем де, яғни табиғат және хайуанаттарда мен өсімдіктер де өмір сүріп олар да өз қағидаттарымен өмір кешуде. Олардың да өмір сүру заңдылықтары бар. Өмір сүру үшін талас – тартыстары жетерлік. Мысалы, биік ағаштар күн сәулесін өзі жұтып, пәстеріне жұтқызбайды, күшті хайуандар әлсіздеріне зорлық көрсетеді, т.т. Сол секілді адамдар да егер қоғамдасып, тәртіп орнатпаса, солар секілді, тіпті олардан да асып түсетіні шындық.

Француз философтары Сен–Симон, Ш. Фурье, британдық ойшыл Р.Оуэн, т.б. болашақтағы әділетті қоғам (яғни, азаматтық қоғам) туралы тұжырымдар айтып, азаматтық қоғам идеясын көтерген болатын. О. Конт болса қоғам да отбасы, әлеуметтік топтар мен мемлекеттен құралады және еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделетін жүйе деп түсіндіреді. Қазіргі ойшылдар да дәл осы теорияны ұстанады. Қоғамсыз адамдардың өмір сүруі мүмкін емес. Қоғамның құрамдас бөліктері не жеке адамдар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, топтар мен қауымдар, байланыстар мен әрекеттер, нормалар мен құндылықтар, өзара қарым–қатынастар, т.б жатады.Азаматтық қоғам әлемдегі барлық жүйелердің ең жоғары, ерекше сапалы даму дәрежесінің нәтижесі, адамдардың алуан түрлі сапалы іс – қимылы мен қызметінің негізінде қалыптасатын тарихи бірлік. Азаматтық қоғам бірыңғай шаруашылығы ұқсас, дүниетанымның бастауы бір, қандас, мүдделес адамдардан тұрып, бірге әрекет етеді, қоғамның ажырамас бір бөлігі әрі оған тәуелді болады. Қоғам сөйтіп, өз қолына төмендегідей әкімшілік әрекеттерді иеленеді

Ал, азамат құқығы негізінен адамның бір мемлекетпен құқық пен міндет арқылы тікелей байланысты өрбейді. Сондықтан да, бұл екі термин арасында үнемі сәйкестілік бола бермейді. Сол себепті де кейбір мемлекеттер адам құқықтарының табиғи құқықтан туындайтын талаптарын түгел орындай бермеуі мүмкін.

Бұл жайлы заңгер А.К. Котов: «Жалпы социологиялық категория «адам құқығы» мен мемлекеттік құқықтық ұғым «азамат құқығының» байланыста болуы табиғи жағдай. Олардың арасындағы айырмашылық - адам құқығы мемлекеттің мойындауынан тыс бола береді. Олар дүнежүзілік қауымдастық пен гуманистік құндылық ретінде мойындалған. Негізінде, адам құқығын сыйлайтын мемлекет олардың негізгілерін өз Конституцияларында бекітеді, сонымен қатар, күнделікті заңнамаларында дәріптейді» – деп жазады. Әрине, құқықтық - демократиялық мемлекет азаматтық қоғам құруға бекінген мемлекеттер адам құқығы мен бостандықтарын барынша құрметтеп, өз Конституцияларынан орын беруі тиіс. Себебі, адам құқықтары мен бостандықтары демократияның негізгі мәйегі.


Әлеуетдин Ақылбек

20 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page