Осы жақын күндері Алматы қаласында «Өнеге» отбасылық форумы болып өтті. Бұл форумда отбасынан кеткен жылуды қайта қалпына келтіру, отбасының шайқалғанына тосқауыл қойып, отбасын қалай сақтап қалатыны туралы сөз етілді. Атап өтетін үлкен бір мәселе Қазақстанда күн сайын 380 жұп отбасын құрса, 150 жанұя екіге айырылатын көрінеді.Мұндай жағдай бұрын соңды болмаған. Бұл рекордтық көрсеткіштердің бірі.
Енді тарихқа көз жүгіртейікші, бұрын ата – бабаларымыз «он үште отау иесі» деген мақсатпен балаларын ерте жаста үйлендірген. Сол үйленген жас жұбайдың шаңырағының шырқы бұзылып, ажырасып кетіпті деген әңгіме мүлде орын алмаған. Себебі қыз баланы болсын, ер жігітті болсын ерте жастан отбасы өміріне тәрбиелеген. Керек кезінде кеңестерін айтып, жанжал шыға қалса тез арада татуластырып отырған. Бұрыңғы заманда тек бір ғана жағдайда ажырасқан. Егер де ер жігіт отбасын асырай алмаса, орынсыз қол көтере беретін болса онда әйелі алдымен ата – енесінің алдынан өтіп, кейіннен билерге жүгініп өзіне еркіндік алған екен.
Енді өткен ғасырға көз жүгіртетін болсақ, ажырасушылар саны көңіл көншітпейді. 1950 жылдары әрбір жүзінші ерлі – зайыпты екіге айырылса, 1980 жылдары әрбір төртінші жанұяның шаңырағы шайқалатын көрінеді. Одан бері келе 2011 жылы үйленген отбасылар саны шамамен 160 000 болса, айырылғандар саны 44 000 - ге жеткен. Бұл еліміздің Қарағанды, Павлодар және де орталық аймақтарында айрықша кең етек алған. Осы жердің тумалары үшін ажырасу оңай әрі тез іс – әрекет ретінде көрінеді екен.
Осы шаңырақтың шайқалғанына, ерлі – зайыптылардың екі жаққа кетуіне бірнеше себептер бар. Солардың бірі ол әлеуметтік тепе – теңсіздік болып табылады. Яғни қалада шалқып өмір сүрген қыздың ауыл өміріне үйренісе алмауы, дайын су, жылы үй, дайын тамақ жоқтығы отбасының күйреуіне бірден – бір себеп. Тағы да айта кететін мәселе ол «көзге шөп салу». Айтпасақ та белгілі « тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді», қазіргі қоғамда жеңіл жүрісті қыздар жетерлік. Олар үшін отбасын ойрандау түкке тұрмайды. Осылай шаңырағын ортасына түсіріп, ажырасушылар санын арттырады.
Екіге айырылған жас жұбайлардың арасындағы бала мәселесіне баса назар аударатын болсақ. Бұл жерде ажырасуға өзін кінәлап бірден – бір себеп екенмін деп ойлайды. Осылай өз – өзіне қол жұмсау сынды, жетімдер үйінде қара көздеріміздің саны артуына себепкер болады. Қазіргі таңда жанұяны қайта татуластырып, өз ақылдарын айтатын үйдің үлкендерінің менмендікке берілетіндігі, өзінікін дұрыс санап, жас жұбайлардың ортасына түсетіні қатты қынжылтады. Дәл осының арқасында ажырасушылар саны артуда.
Айрандай ұйыған отбасыдан бақытты баланың шығатынына сенім мол. Сондықтан балаларымыз үшін, болашағымыз үшін отбасын сақтап қалу әрекеттерін аянбай жасау керек. Қандай қиындық, қандай түсініспеушілік болса да шаңырақты сақтап қалатын жылы сөз бен сыйласымдылық. Әр адам кінәні біреудің бойынан емес өз бойынан іздесе неке сақталып, шаңырақ ортасына түспейді.
Мади Мәлік
Comments