top of page

"Алла кішіпейілдің абыройын асырады, тәкаппардың құтын қашырады"

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 21 окт. 2019 г.
  • 1 мин. чтения


«Алла кішіпейілдің абыройын асырады, тәкаппардың құтын қашырады» деген ұлағатты сөз бар. Ата-анам маған әрдайым «қызым, ешқашан да өзіңді жоғары ұстама, кішіпейіл бол», – деген сөзді құлағыма құйып отырады. Расымен де, біздің соншама өркөкірек болатындай басқалардан қай жеріміз артық?!

Мейлі, басқаға қарағанда ақшаң көп, ұялы телефоның соңғы модель болар, құрдаста­рың жаяу жүргенде, сенің астыңда көлік бар шығар. Бірақ бұл мақтанар­лықтай, тәкаппар болатындай жағдай емес. Одан да ізденіп, кітап оқы. Егер, расымен де, білімің тасып бара жатса, сол ақы­лыңмен мақтансаң дұрыс болады. Алайда, ақылды адам «мен бәрінен көп білемін, ақылдымын» деп айтпайды. Керісінше, ол одан сайын білімге асығып, қарапайым бола түседі.

Қазіргі таңда адам ақша үшін, танымал болу үшін не істемейді?! Өз бауырларын, жақын адамдарын сатып, сараңдық жасап жатқан адамдардан не күтуге болады? Адамдарды алдап, біреуге қиянат жасап, біреудің нанын жеп, мәртебеге жету дұрыс па? Сонда ақша, атақ өз ата-анаңнан, жақындарыңнан артық па? Кім ақшасы­ның көп болғанын, ата-анасының қинал­май өмір сүргенін қаламайды дейсің. Алайда, көп еңбектеніп, адал жолмен табысқа жету дұрыс қой. Сонда ғана сенің еңбегің бағаланып, жақсы адам деген атаққа ие боласың. Не жасасаң да, шын ниетіңмен жасау керек.

Иә, адам басқалардан қалмай, қатарда болу үшін ақша қажет. Бірақ оны таза жолмен табу керек. Ешкімнің ала жібін аттамай, ешкімнің қарғысына ұшырамай жеткенге не жетсін. Қалтаңда көп ақша, астыңда жаңа маркалы автокөлік, бірнеше  үйің болғанымен, жүрек, мейірім, адам­гершілік деген асыл құндылықтар бойың­нан табылмаса, бәрі бекер.

Тапқаның өзіңнен артылып жатса, жағ­дайы жоқ, көмекке зәру адамдарға қолың­нан келгенше көмектесу керек. Оның сауа­бы мол. Бірақ тағы да еске салғым келеді, әрбір істі көзге түсу үшін, біреуге мақтаса екен деп емес, шын көңілмен жасау қажет. Сонда сенде ең мықты атақ болады.


Ақбота ҚОЖАЕВА

 
 
 

Comments


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page