top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

АЛМАТЫ МЕН НҰР-СҰЛТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕТ ЛГБТ-МИТИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛМАҚ


Kok.team сайтының xабарлауы бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қаларында алғаш рет ЛГБТ- лар шеруі өтпек. Мұндай өтінішті екі мегаполис әкімдері Алтай Көлгінов пен Бақытжан Сағынтаевқа елорданың Айдар Елькеев есімді жігіті үндеу ретінде тастаған. Ол өз үндеуінде іс-шараның басты мақсаты: «Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау» деп көрсетті. Бұл мәлімдемелер электрондық үкіметте тіркелген. Жігіт жіберілген құжаттарда «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы» заңға сәйкес осындай шараларды ұйымдастыруға құқығы бар екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, ол заң баптарында алға тартып отыр: «Ешкімді шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, нанымына немесе тұрғылықты жеріне байланысты кемсітушілікке ұшыратуға болмайды. немесе кез келген басқа жағдайларға байланысты». Осылайша, биліктің ЛГБТ қауымдастығының ұйымдастыратын бейбітшілік митингісіге қарсылық көрсете алмай отыр. Өтінім xатта оқиғалардың өту мерзімі ретінде 30-тамыз бен 8-қыркүйек аралығы көрсетілген. Егер екі әкім митингілер өткізуге рұқсат берсе, ол сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласының Пушкин және Құдайбердіұлы көшелері бойында өтеді деп жоспарлануда.Сондай-ақ Алматыдағы «Сары Арқа» кинотеатрының алдындағы алаңда сағат 10-да болады.


Гүлмира ҚОШАЕВА

"Тұран" университеті,

"Журналистика" мамандығының 3-курс студенті.

5 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page