top of page

АНАҒА ХАТ

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 26 сент. 2019 г.
  • 2 мин. чтения

ree

Ана десе толғанбайтын жүрек,жаза алмайтын ақын,ән шырқай алмайтын әнші жоқ шығар. Небәрі үш әріпке бар жақсылық пен мейірімділікті жинап қойған құдайдің құдыреті шексіз ғой.Ана болу бұл бар бақытқа және жауапкершілікке ие болу деп түсінемін өзім. Ендеше менде анама деген жүрек жарды ойтолғауымды ақ параққа түсіргелі отырмын.

Жердегі періштем,жәннәтімнің кілті,жақұт-жауһарым,асыл-ардақтым,көне көз қариям,дұғагөйім, қамқорым,барым да нарым да-анам. Құрсағына бала болып біткеннен бергі,әлі күнге дейін қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсірген,тілеуімді тілеген тілеулесім болып,адасқанда жол көрсетушім болған,қараңғы да жарығым болған,қиналған да қасымда демеу болған,жыласам-жылап, күлсем-күліп жүретін көлеңкемдей,сүйенсем тіреуішімдей,жаурасам жылуымдай болған-анам.

Құрметті ана! Кейінгі кезде шашыңа түскен ақ шаштарды байқап жүрмін. Блемін,уайымдайсың. Перзентіңнің бақытын жатсаң-тұрсаң алладан жалбарынып тілеудесің. Анашым,балалық шағымды сағындым. Қасымда жүрсеңде сені сағындым. Есіңдеме, ол кездер қызық еді. Әкем,сен,мен және алтын ағаларым. Қолдан түспеуші едім.Кішкентайымда көгіңе көтеріп,еркелетуші едің. Мен көп жылайтын едім,бірақ сен сол сабарлы қалпыңды жоғалтпаушы едің. Күлімдеп қана мен жылауықты бауырына басып,еркелетіп, ана екендігіңді сездіріп,тәп-тәтті ақ сүтіңен беретінсің. Ана сүті бал деген осы шығар сірә! Мектепке барып жүрген кезімді айтам. Сабағымды да өзің салып,өзің орындаушы едің. Сабаққа барып келгенім болмаса,бәрін өзің айтып беретінсің . Өзіңіз тағы да қалжыңдап, «мектепке сенің орныңа мен барармын бәлкім» дейтініңіз ше.. Бірдеңе бітіріп келгендей,сабаққа барып келегеніміз міндет. Есіктің алдынан күтіп алып,өзің киімдерімізді ауыстырып,ыстық дәмді тамағыңды алдымызға қоюшы едің.Өсе келе маған қамқоршым емес,жан досымдай болып кеттің. Бейне бір өзіммен тең жолдасымдай,ішімдегіні жарыла айтып отыра беремін.

Осылай ана құшағын да,аузынан сүт дәмі кете қоймаған,кішкентай ерке қызыңыз міне биыл 2-ші курсс студенті . Өзге қала да ана құшағын, ана қамқорлығы мен ана ақылын аңсағаным да анық. Өзіңнен қанша алыс болып,қанша үлкен болсамда мен сіз үшін әлі кішкентай бөбек екенімді түсіндім. Қанша жасқа келсем де анамның ұрысқанын,еркелеткенін сағынатыным ды түсіндім.

Қазақта бір жақсы сөз бар:«Алып-анадан туады» деген. Сол алыптарымызды дүниеге алып келетін де, өсіріп-өндіретін де сол аналарымыз!Қазақта небір жақсы-жайсаң нар тұлғалар дүниеге келген және келуде. Оның бірі де бірегейі жерлесіміз М.Шаханов. Алып тұлға,тайсалмайтын батыл, ержүрек,шындық жақтаушысы бола білген Мұхтардың анасы да өте жақсы адам болған деседі. Осы жақында М.Шахановтың: «Шәмшінің ғұмырлық геометриясы» атты Валъс каролъі Ш.Қалдаяқов туралы эсселер жиынтығын оқыған едім. Сонда Шаханов өзінің анасысың ерлегені туралы жазыпты. Анасы Ұмсын Айтпайқызы,өмірге он үш перзент әкелген,сол ұл-қыздардың Мұхтардан басқасы о дүниелік болып кеткен екен. Мұхтардың анасы Шәмші мен Төлеген Айбергеновті өзгеше аналық парасатпен құрмет тұтқанын, «Неше ұлыңыз бар?»деп әлде біреу сұраса «Үш ұлым бар. Үлкенім Төлеген, ортаншым Шәмші, кенжем Мұхтар» деген екен.Ішінен шыққан перзенті болмаса да Төлеген мен Шәмшіні өз ұлындай жақсы көріп, ана бола білгенінің өзі ана жүрегінің кең,мәрт екендігіне айқын бір дәлел іспеттес..

Қазақ халқында қыз тәрбиесіне аса қатты мән берген,себебі ол болашақ ана. Айтып жатады ғой асыл халқымыз:«ана бойындағы бар жақсы-жаман қасиеттер балаға ананың ақ сүтімен беріледі»,-деп. Сол ана сүтімен дарыған игі қасиеттеріміз арқылы біз адам болып қалыптасамыз. Отбасымыз берген тәрбие, жақсы тәрбие бізді ешқашан жерге қаратпасы анық. Ешқайсысымыздың ата-анамыз бізге жаман бол демейді ғой,біз тек солар айтқан адал жолдың жолаушысы болуымыз керек. Ислам хадистерінде «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да,оның саған жасаған жақсылығын қайтара алмайсың»,-деп жатады ғой. Бұл дегеніміз біздің оған жасаған қаншама жақсылығымыз оның біз үшін ұйқысыз өткізген бір түні ғана деген сөз. Анамызға қандай жақсылық жасасақ та жарасары хақ. Аналарымызды әркез сыйлап,құрметтеп,қастерлеп,көгімізге көтеріп,көңіліне қаяу түсірмей мәпелеу бұл бізге беріген аманат іспеттес! Алтын құрсақ аналарымызды аялайық достар!


Ақниет АМАНХАН


 
 
 

Комментарии


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page