top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Арманға жүрмін алданып...

Арманымен ер сұлу,

Орманымен жер сұлу

(қазақ мақалы)


Меніңше,арманға қарап адамды тануға болады. Себебі,нені армандайсың соған қол жеткізесің.Бала күнімізде арманымызда шек болмаушы еді. Көрген де,көрмеген де нәрсемізді армандай алушы ек.Өсе келе,адамның ақыл-ойы толысып,өмірді шынайы бейнесінде қабылдай бастағандықтан,арманының бағыты сәл өзгеруі мүмкін.Мәселен,бала кезімізде ертегінің кейіпкеріндей болғымыз келсе,есейген шағымызда ақылға сиымсыз дүние екенін түйген соң,бұл арманымыз мәнін жоғалтты.

Кез келген дүниенің екі жағы болады.Жақсы немесе жаман. Армандауды да тек жақсы жағынан ойлаған дұрыс. Арман- сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы.Арманнан мақсат туып,көздегенімізге жету үшін бас көтермей еңбек етеміз.Адам ғаламат нәрселерді ойлап таппастан бұрын,оны армандайды. Ойында құрады.Ұшатын кілем туралы ертегі арманның нәтижесінде ұшаққа айналды. Міне,бұл да арманның күші.

Кейде ойланамын,кей адамдар мен сияқты өз-өздеріне сауал қояды ма?Мүмкін мен өз арманыма алданып жүрген шығармын?Бірақ, ойланып қарасам сол кезде армандаған дүниелерімнің бәрі орындалып жатыр.Журналистикаға түсуді армандадым,мақсат қойдым түстім.Толыққанды сұхбат алуды армандадым,орындалды. Айта берсең көп. Сол секілді кез келген адам «нені армандайсың?» деген сұраққа бір секундта мүдірместен жауап бере алу керек. Ал, бұл сұраққа жауап бере алмайтын жан мен үшін өмір мақсаты бұлыңғыр адамдардың қатарынан. Өйткені, арман-нақты нәрсе. Ол кішкене ғана дүниеден басталып, айрықша үлкен дүниелерге дейін бара алады.

Арман - қажеттілік. Арманға жету жолында құлап қалса да,орнынан қайта тұрып,оған жетпейінше тынбау арманның жүзеге асуына әкелетіні сөзсіз. Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, қайта тұрып хақың бар жүгіруге(М.Мақатаев). Арманның орындалуының кілті осында: Оның орындалуына қалтықсыз сену.

Үкілеген үлбір үміттің рақатына бөлеп,өмірдің тәттілігінен сезіндіретін арман атты құндылықтың нарқын біліп,аппақ арманның иесіне айналудан қорықпау керек.Себебі,кез келгеніміз «арманым орындалды-ау» деп бақыттан басымыз айналып отыратын қайталанбас сәтке толығымен лайықтымыз. Болашақ армандай білетін жандардың қолында.


Журналистика, 3-курс

Ахметжанова Софья


8 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentarios


Пост: Blog2_Post
bottom of page