top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Арсыз болмай атақ жоқ! - Рысалды Шарапиева


Мегаполистердің карантинге жабылып,  жүріс- тұрысымыздың шектелуі көбіміздің қолайымызға құпкелтіре қоймады, білем.

Бұл короновирус көп шаруаны кейінге шегертті, біраз істіатқарылусыз қалдырды, тіпті кейбіріңізді бір ғұмырда бір-ақрет келетін мүмкіндіктен айырған шығар.

Бәрі мүмкін.

Басқа түссе, баспақшыл деген, көнуге тура келеді... Жәнемені вирустың жайылу жылдамдығынан көрі, сол індетжайлы ақпараттың таралу қарқыны қайран қалдырады.

Әлеуметтік желіні парақтай қалсаң, өтірік-шыны араласақпараттан «аяқ алып жүргісіз». Құдды бір жауыннан кейінқаптаған саңырауқұлақтай.

Ақпараттық ғасырда бұл заңды құбылыс, әрине. Видеолардан жан-жаққа жүгіріп, ішіп-жемін қамдағанхалықты көресің,  жазылған пікірлерден сан саққажорамалдаған пайымды оқисың.

Көбісі амандық тілеп жатса, бірі осы індетті пайдаланыпхайп жасап, ал тіпті кейбірі бағдарламаларының рейтингтерін көтеріп жатыр. Осы тұста саудаларынжүргізіп жатқандар да аз емес,  бірі масканың бағасын 5 еселеп сатып жатса, енді бірі көмектеседі деген имбиршөбін 25 мыңнан өткізіп жатыр. Күні кешке дейін қақсапжатқан журналистер шындықты айтып жатыр ма? Әлдежоғарғы жақтың айтқанын ғана жеткізіп отыр ма? Бұныменайтқым келгені жабылып жатқан шекаралар қайда? Күні- түні Қытаймен саудамыз бітер емес. Бір қаладан екіншіқалаға қалтамызда ақшамыз барлар ары-бері өтіп жүрміз. Қашықтықтан оқыту деп онлайн оқуды еңгізіп қойды. Оныңпайдасы неде деп кейде өзім ойлап қоямын. Үлкенмегаполисті қайдам, өз қаламда балалар күні-түні көшедедоп қуалап жүр, бозбалалар мен бойжеткендер кешкікөшеде серуендеп жүр. Ал бұның пайдасы неде, вирус сонда мектепте жұғып, далада ойнап жүрсең жұқпайдымаекен, қызық! Бұл бер жағы оны қоя бергенде ата- аналар мен мұғалімдердің аудио жазбалары хит болды Қазақстанәлеміне. Интернет желісін ашып қалсаң жылап отырғанбала, шыңғырып отырған ананы көреміз не сұмдық?

42500 теңгенің әңгімесі бір бөлек. Почтаның алды кезеккетолып тұр. Ақшасы барлар да ақшасы жоқтар да сонда. Күнделікті жабылмай тұратын сайттарда іске қосылмай тұр. Осы тұста жалғыз айтарым бар, адамдығымызды сақтапқалайықшы адамдар!


Тұран университетінің журналистика мамандығының 1 курс студенті Шарапиева Рысалды Маратқызы

5 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comentarios


Пост: Blog2_Post
bottom of page