top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Аты шулы "қара жұма"


Соңғы кездері интернетті аша қалсақ "қара жұма" науқанының жарнамасына көзіміз түседі. Бұл - 29 қарашада Қазақстанда және шет елдерде "қара жұма" науқаны өтеді деген сөз. Елімізде жұма күні басталған шара 3 күнге созылады. Қазақстанда 130-ға жуық дүкен "қара жұмаға" қатысып, тауарларын елең еткізетін жеңілдіктермен сатады.

"Қара жұма" - бүгінде дәстүрге айналған, көз тартарлық жеңілдіктер акциясы. Негізінен бұл АҚШ-та пайда болған. Бұл үрдіс соңғы жылдары әлемнің бұрыш-бұрышында кең таралып, тұтынушылардың асыға күтетін науқанына айналды.

Black Friday деп аталатын Қара Жұма күні АҚШ-тың 22 қарашада өтетін Алғыс күні (яғни Thanksgiving Day) мемлекеттік мерекесінен кейін алғашқы жұмада өткізілген сауда науқаны. Орасан жеңілдіктер өтетін Қара Жұма күні АҚШ-та дүкендер ерте ашылып, түнде кеш жабылады.

Онлайн сататын Amazon сияқты интернет компаниялар да АҚШ-тағы Black Friday күні үлкен жеңілдіктер жасайды. Қара жұма – Америка Құрама Штаттарында Рождество мерекесінің бастауы болып та есептеледі.

Бұл науқан, ең алғаш 1961 жылы Филадельфияда жұма күні өткізілген. Сол күні туындаған жолдағы кептелістер мен қаптаған қалың халыққа байланысты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары бұл күнді Қара Жұма деп жазып жариялады. Содан бері науқан осы атаумен өтіп келеді.

Қара жұма жеңілдіктерінің ашылуына дейін дүкендердің алдында ұзын-сонар кезек болады. Тұтынушылар тауарлар үшін ұрсысып, өте агрессивті болуы мүмкін. Дисконттық акциялар кезінде Құрама Штаттарда жарақаттар мен өлім-жітім оқиғалары кездескен.

2008 жылы қарашада "қара жұма" кезінде дүкенге баса-көктеп келген тұрғындар Лонг-Айлендтегі Walmart сауда үйінің қызметшісі, 34 жастағы Джимитай Дамурды таптап кеткен. Салдарынан сатушы қайтыс болған. 

Қара жұма науқанының басты оқиғалары әдетте АҚШ-тағы жеңілдіктерде көп кездеседі. Рождестволық сыйлық алушылар осы жоғары дисконт акцияларын өткізіп алмау және дүкендердегі қалаған өнімін таусылып қалмай тұрып сатып алу үшін ағылып барады.

Қара жұмадағы жеңілдіктер бүкіл әлемге жайылған ғаламдық сауда шабуылына айналды. Америкалық интернет-дүкен Amazon сайты "қара жұма" науқанын Ұлыбританияға енгізген уақыттан бастап жеңілдіктер күні Еуропада да дәстүрге айналды.

Мексикадағы «қара жұма» жеңілдігі «Жақсы демалыс» ретінде жүзеге асырылады және аптаның аяғы демалыс күндері дүкендер ұзақ уақыт бойы ашық тұрады.

Францияда «қара жұма» тұжырымдамасы біртіндеп танымал болып келеді. Тұтынушылар 85%-ға дейін, әсіресе электрондық өнімдердегі жеңілдіктерге көп жүгінеді. Бұдан өзге, Франциядағы кейбір бөлшек саудагерлер 2016 жылдың қарашасында Франциядағы террорлық оқиғалардың салдарынан Қара жұманы XXL күн деп өзгертті.

Германияда "қара жұма" жеңілдік науқаны «Black Week» немесе «Black Shopping» деп аталады. Және бір аптаға созылады. Apple компаниясы 2006 жылы АҚШ-тағы алғашқы "Қара жұма" науқанын ұйымдастырды. Елдегі бөлшек сауда зерттеу орталығының зерттеуіне сәйкес, немістер дәл осы күнде 1,3 млрд қаржыға сауда жасаған.

2010 жылдан бастап Black Friday рейтингісіне қатысатын елдер саны артып келеді. Норвегияда, Коста-Рикада, Испанияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Нидерландыда, Польшада, Оңтүстік Африкада, Австрияда, Панамада, Бельгияда науқандар тікелей Black Friday атымен ұйымдастырылады.

Қара Жұма тұжырымдамасы соңғы жылдары Түркияда да қарқынмен таныла бастады. Интернет-дүкендер, сондай-ақ дүкендер, сауда орталықтары да Black Friday жеңілдік науқандары ұйымдастырылып жүр. Мысалы, осы аптада Түркияда сауда орталықтарында 70-80 пайызға дейінгі төменгі бағада жеңілдіктер жүріп жатыр. Түркияда Жұма күнін, «қара» сөзімен байланыстырғанына қарсы халықтың реакциясына байланысты «аты аңызға айналған жеңілдіктер күні» атауы да пайдаланылып келеді.

Мұндай көз тартарлық, таңқалдыратындық жеңілдіктерді көрген Қазақстандықтар да, бұл күнді жіберіп алмауға тырысады.


Аяулым Жұмабек

5 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page