top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ!


Атам қазақ «Бірінші байлық - денсаулық» деп тегін айтпаған ғой. Бұл орайда әр адам өз денсаулығына дұрыс мән беріп, денсаулығын күту мәдениетін қалыптастыруға назар аударғаны жөн. Өйткені адам капиталының ¬сапасы мен саны оның денсаулығына тікелей байланысты екені сөзсіз. Яғни дені сау ұлт қана өміршең мемлекет құра алады. Осы ретте елімізде халық денсаулығын жақсартуға барынша көңіл бөлініп отырғанын жоққа шығаруға болмайды.

Бүгінде елімізде медицина саласы қарқынды даму үстінде. Көптеген медицина жабдықтары мен дәрі-дәрмектер шетелден тасымалдануда. Бірақ барлығының көкейін мазалап жүрген сұрақ ол ауруларды емдеуге көмегін тигізуде ме? Ол аз болғандай, интернет беттерінде жарнама ретінде ұсынылып жүрген көптеген витаминдерді кездестіреміз. Витаминнің ерекшелігі барлық ауруға ем деген әдемі сөздермен көркемдеп қояды. Адамдардың көңілін жарнамаға аударып, қызығушылықтарын оятады. Сөйтіп ауруына ауру қосатын жандар да аз емес!

Қазіргі таңда аурудың мыңдаған түрі бар, тіпті ненің қайдан пайда болатынын ажырату мүмкін емес болып кетті. Арнайы дәрігерлердің нұсқауы бойынша ғана емделеміз, өз бетімізше емделу қауіпті болып кеткен. Осындайда, ойыма бұрынғы ата-апаларымыз «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейтін нақылы еске түседі.

“Денсаулықтың он құпиясы”: 1. Денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр. 2. Біздің тыныс алуымызда. 3. Шынығу әрекеттері күш әкеледі. 4. Дұрыс тамақтану. 5. Күлкі. 6. Дем алу. 7. Тұлғаны түзу ұстай білу. 8. Сенім күші. 9. Сүйіспеншілік күші. 10. Таза қоршаған орта.

Мамандардың айтуынша «денсаулықтың мықты болуы адамның ерік – жігеріне байланысты, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды». Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және аманат еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болған жөн.


Алинура САХАНОВА

5 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page