Жүрек-дүние бесігін ашқаннан бастап өміріміздің соңына дейін бізбен бірге. Жүрек арқылы біз сезінеміз,күлеміз,мұңаямыз,жылаймыз,қуанамыз.Бірақ жүрекке кедергі келтіретін ол-ой.Екеуі ит пен мысықтың дауындай үнемі тіл табыса алмайды.Жүрегің әлденені қаласа да,ой басқаша ойлайды,қаламайды.Бірақ жүрек ешқашан алдамайды,бар болғаны «Мен» деген ішкі жан дүниеңе құлақ салу керек.Ақыл-оймен сараласаң да,жүрекпен шешім қабылдау керек.
Әр адамның жүрегінің ішінде кілтпен құлыптап қойғандай мұңы,жарасы бар.Бәрімізде кез-келген жанға сырымызды шерте бермейміз.Бірақ тіпті таңғы төртте болсын,сені әрдайым құлақ салып естуге дайын адамың болса қандай керемет.Жан сырыңды бөлісіп,ашық түрде сөйлесу бұл барлық адамға керек зат.Онсыз сен іштей тыйылып,өзіңді жегідей жейтін күйге түсіп кетуің де мүмкін. Ал келе-келе бұның барлығы тікелей әсерін беріп,денсаулығың саған үлкен шабуыл жасайды.Көптеген аурудың барлығы айлап,жылдап жиналған біреуге реніштен,ашу-ызадан пайда болады.Бұның алдын алу үшін жүрегіңді мейлінше ренішке толтырма.Өмір болғаннан кейін адамдарда келеңсіз жағдайлар орын алып тұрады,бірақ сен мойымай, керісінше тойтарыс бер,айтатын сөзіңді адамға уақытында айтып ал,іште сақтап, «Мен туралы ойы өзгеріп кетер,үндемей-ақ қояйын!»-деп өзіңді тыйма,қорықпа.Себебі барлық адамның жеке құқығы бар.Сен бұл жерде әдепсіз қылық танытып тұрған жоқсың,тек қана өзіңді қорғап тұрсың,соны ұмытпа.
Не болса да ең бастысы жүректі таза ұстау керек.Өшпен,ызаға толтырмау керек.Себебі ол қасиеттер жүректің имандылығын кетіреді. «Жүрек таза болса,тілден де әдемі сөздер шығады»,-демекші жүрегімізді тек мейірімділік пен жақсылыққа ғана толтырайық ағайын!
Асима Мажитова
Comments