top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Бала тәрбиесі


Бала тəрбиесі ана сүтінен басталып өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс.

Тəрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да, одан əрі балабақшамен

байланыс арқылы жалғасады. Мұнда баланың жас ерекшеліктері жəне бейім

қабілеттері назарға алынады. Көбінесе ата-аналар жалпы өз өмірлері, алған білімдері

барысындағы кездескен кедергілер мен жіберген кемшіліктерін есефпке ала отырып

балаларын басқаша тəрбиелеуге күш салады. Тəрбие мақсатында сондай-ақ, сол

отбасының ұстанатын этикалық, діни мəдени дəстүрлері де есепке алынады.

Сондықтан ата-аналар кəсіби маманданған педагогтармен жиі ақылдасып, бала

тəрбиесінде көмек алып отыруы өте қажет. Сонымен, бала тəрбиелене отырып, ойын,

оқу іс-əрекеттері барысында білім алады. Балалармен жүргізілетін ұйымдастырылған

оқу іс-əрекетіне жоспар құрып, күнделікті технологиялық картамен бірге, апталық

циклограммаларды жасақтайды. Топтағы балаларды тəрбиеші мектепке шығарып

салғанға дейін жетелейді «Балалық шақ өмірдің ең бақытты кезеңі, бірақ балалар үшін

олай емес» деген.Бұл тек Майкл Муркоктың пікірі емес, көптеген адамдар шүбəсіз

осылай ойлайды. Неге десеңіз бала күнде тезірек өскіміз,ержеткіміз

келеді.Алдымыздағы асқар таудай армандарымыз алысқа жетелеп, қиялымыз

шарықтаған сəтте қамсыз балалық шағымызды алдағы уақыттың қиындығы мен

қуанышы қатарласа жүретін үлкен өмір ағысына қиып кете барамыз.Балалық шақ -

ұмытылмас бал күндер. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды.

Балалық тəтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бəрі де санаңда берік

орнап, жаныңа жылу ұялатады.

Балалық шақ туралы шығармаға бала күніңіздің естеліктерін, сол кездегі

арман-тілектеріңізді, қиял əлемінің көрінісін жазуыңызға болады. Басыңыздан өткен

небір оқиғаның өзі шығармаға арқау болуға жетіп артылады. Себебі, бала өмірінің əр

парағы қызыққа толы. Оған қоса, ата-анаңыздың қамқорлығы, жақындарыңыздың

мейірімі, ата-əженің жүрегі елжірей еркелетіп, берген тəрбиесі де тілге тиек етуге

тұрарлық зор дүние.

Балалық қиялға не жетсін, шіркін! Бала күніңіздегі қаһарманыңыз, небір қиял-ғажайып

оқиғалар, құбылыстар, барлығы да балғын шақтың тəтті күндеріне тəн. Олар

шығармаңыздан көрініс беріп жатса, кімге де болсын бала шағын еске түсіріп, тұла

бойын ерекше сезім, сарқылмас сағыныш кернейтіні анық.

Бала өмір шыр айналып селт еткен,

Қуанышпен əр көңілді тербеткен.

Əр өмірді көрген бала жүрегі,

Балалығын ұмытпасын деп кеткен.

Қайта айналып келмейді ол балалық,

Ұмытпайық балалық ол саралық

Түрлі жəйт бола бермес ешқашан,

Балалықты аяқтайық дара қып.


Ақылбек Мұхитдинұлы

80 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page