top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Бала тәрбиесіне байыпты қарайық...



Бала тәрбиесі - өте нәзік те өзекті, кезек күттірмейтін маңызды мәселелердің бірі. Бала тәрбиелеу еңбекқорлықты,белсенділікті, зеректікті, жан-жақтылықты талап ететін жауапкершілігі мол іс.

Халқымыз сан ғасырдан бері бала тәрбиесіне аса мән берген. Баланың бас ұстазы - ата-ана. «Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, бала шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, ата-ана алдында үлкен міндет тұрады. Ол- саналы,білімді, адал да алғыр ұрпақ тәрбиелеу. Бала-адамның бауыр еті.Әр ата-ана ұрпағының жоғарыдан көрініп,қоғамда өзіндік орны бар азамат болуын қалайтыны анық. Өкінішке орай бәрі біз ойлағандай бола бермейді.Тәрбиенің бастауы-отбасында.Әке,ана және баланың бірлігі-отбасының берекесі,ал отбасы-қоғамның іргетасы.Отбасындағы тәрбие баланың қалыптасуында аса үлкен маңызды орын алады. Бала тәрбиесінде ананың рөлі ерекше, «Әйел-ұлтты тәрбиелейді» демекші ананың әр іс-әрекеті балаға үлгі, өнеге болуы тиіс.Ана баланың бойына мейірім мен қамқорлықты, әсемдік пен парасаттылықтың,ізгілік пен биязылықтың дәнін егетіні сөзсіз.Ал, әке-отбасының тірегі,қорғаны,шаңырақтың қожасы,баланың ақылшысы әрі сыншысы.Баланың алдында әке-асқар тау,алынбас қамал, құламайтын қорған секілді. «Әкесі тәрбиелеген - есті болар, анасы тәрбиелеген - епті болар» демекші, бүгінде есті де епті ұрпақ тәрбиелей алуымыз керек.

Ал, ол үшін ең алдымен тәрбиелеушінің өзі тәрбиелі болу керек. Ата-ана күнделікті өмірде еңбегі,адамдық бейнесі,жақсы мінез-құлқы,дұрыс қарым-қатынасы арқылы балаға үлгі. Өйткені,балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.Бірақ,өкінішке орай,бәрі ата-ананың ойлағанындай бола бермейді.Кеше ғана алақанға салып әлпештеп өсірген сәби күндердің күнінде теріс жолға түсіп кетсе, ата- ана үшін одан үлкен өкініш бар ма? «Тәрбиенің қай мезгілінде,біз өз баламызға деген ықпалдан айырылып қалдық, қай тұста олқылық жібердік?» - деген сауалдар ата-ананы осы тұста мазалары анық.Бір қария: «Қарнымның ашқанынан емес,қадірімнің қашқанынан жылаймын» деген екен. Бүгінгі өмір шындығы осылай деуге мәжбүр етіп отыр.Қартайған шақта бармақ тістеп қалмас үшін, ұрпақ тәрбиесіне салғырт қарауға болмайды.

«Ел боламын десең - бесігіңді түзе» - деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай,ел болашағы - ұрпақ тәрбиесінде.Әкеден-ақыл, анадан-мейір демекші,әкенің дұрыс бағытын көріп, ананың аялы алақанын сезініп өскен баланың болашағы жарқын болмақ! Ел болып, ұрпақ тәрбиесін қолға алайық! Ел сәні-атаға қарап өскен ұл,анаға қарап өткен қыз. Елдің тәрбиелі ұрпаққа артар үміті көп болмақ.Себебі,ұлт болашағы-ұрпақтан.


АЙЖАН НҰРТАЗА

5 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page