Бүгінгі таңда басты проблемалардың бірі- бала тілінің кеш шығуы. Адамның болашағына әсер ететін негізгі фактордың бірі – тіл. Ал көптеген нейробиологтардың зерттеулері бала тілінің шығуы мидың дамуына жақсы әсер ететінін көрсеткен еді.
"Нейробиологтар бала сөйлей алмаса да, оған тіл қатудың пайдалы екенін анықтады. Ата-анасы көп әңгіме айтқан балалардың ой қабілеті жоғары деңгейде болады. Яғни, пассивті тыңдау да балаға жақсы әсер етеді. Мидың әлеуметтік және тілдік қатынастарға жауап беретін бөлігі балалардың ата-анасымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасы баласына қарап сөйлегенде тілдік қабілеттер дамиды және дүниетаным деңгейі артады",- дейді ғалымдар.
Бала туа салысымен онымен сөйлесе алмайтынымыз мәлім. Тіпті, түнде дұрыс ұйықтамайтын баланы бағамын деп өзіңіздің де күш-қуатыңыз болмайды. Бала өсе келе әңгімеге жауап бере бастайды.
Сондай-ақ, баламен жиі тіл табысу, баланың тіл байлығының мол болуына ықпал етеді.
Қазір біз бала туа салысымен қолына смартфонды бере саламыз. Оның артында үлкен проблема жатыр. Неге дерсіз?! Себебі смартфонның пайдасынан гөрі, зияны көп. Бала білместіктен керек емес дүниені көруі мүмкін. Яғни негативті. Ал негатив, баланың психологиясын бұзады. Әлі қайсысы дұрыс, қайсысы бұрысты ажырата алмайтын бала, кез келген ақпаратты қабылдап алады.
Автор: Наргиз Бекен
Comments