top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ — ОТАН БОЛАШАҒЫ


Отбасы — әрбір адам баласы үшін орны бөлек, ыстық, өзін бақытты сезінетін орта. 15 мамыр халықаралық Отбасы күні. Бұл күн 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын аталып өтеді. Бұл күн жайлы бірі білсе, бірі біле бермейді. Негізінен дәл осы мерекені атап өту әрбір адам үшін маңызды. Өйткені, Отан әрбір шаңырақтан бастау алады. Шаңырақ шаттығын ойлаған жан — отбасындағы жарын, балаларын сүйеді. Осы сүйіспеншілік айналасындағы адамдарды, туған-туыстарын жақсы көруге, бауыр деп тартуға ұласады. Мұның арғы жағында "Отан" деген үлкен ұғым қалыптасады. Осы үлкен шаңырақтың уығын мерейлі отбасылар ұстап тұр. Бақытты отбасы өздігінен орнай салмайды. Оған екі жастың еңбегі мен маңдай тері ауадай қажет. Ендеше, өзгелер қызыға да қызғана қарайтын отбасы болу үшін не істеу керек?

Елімізде жыл сайын тіркелген неке санының артуы қуантарлық жайт болғанымен неке бұзылуының саны да қатарласып артуы қатты қынжылтуда.

Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, Қазақстандағы әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады екен. Оның басты себебі, тұрмыстық жағдайдың төмендігі, өзара түсініспеушілік деген анықтамаларға негізделген.

Үйдің береке шырағын ұстап отыратын жан — бұл әрине аналарымыз. Отбасында тыныштықты орнататын да, бұзатын да әйел. Шаңырақтың шайқалмауы көбінесе әйел затына байланысты екені белгілі. Ең бірінші жанұядағы тыныштық пен байлық та, осы әйел адамға байланысты екенін ұмытпайық. Демек ата - ана қарым қатынасы түзу әрі махаббатқа толы болса, балалардың да жаны тыныш болады.

Жанұяның тату болуына әрбір отбасы мүшелерінің сыйластығы мен бір-біріне деген жанашырлығы және бауырмалдылығы да өз әсерін тигізеді. Ал қиындық туған сәтте немесе қателік жіберген кезде оларға ұрысудың орнына жылы қабақ танытып, қолдау көрсетіңіз. Жақын адамдар қандай жағдай болмасын бір-бірінен қолдау күтеді. Сонымен қатар сабырлы болып, қанағатшылдыққа балаларды тәрбиелеңіз. "Сабыр түбі - сары алтын" демекші, шаңырақтың ынтымағы үшін қанағаттан асқан бақыт жоқ. Қасиетті Құранда сабырлыларға аса үлкен сый бар екені айтылған. Данышпан да, ғалым да, қаһарман да өзінің отбасында өмірге келіп, сол отбасында тәлім-тәрбие алып, тұлға ретінде қалыптасады.

Отбасы осылай құрылғанда ғана оның баянды болатынына көзіміз жетіп, жақсы ұрпақ өсіре аламыз. Жақсы ұрпақ болашағымыздың кепілі.


Мунира АМИРОВА

4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

תגובות


Пост: Blog2_Post
bottom of page