Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі — қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді. Мемлекттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады.
Қазақстанның қазіргі жағдайы қазына қаржысын бөліп, игеруде күрделі мәселелердің бар екендігін көрсетеді.Мәселен, бюджетіміздің мұнай бағасына тәуелділігін, доллар бағамының күнкөрісіміздегі үстемдігі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалып жатқанының бірден-бір көрсеткіші.Жыл сайын Үкіметтің бюджетті атқару туралы есебін тыңдалған сайын игерілмеген, талан-таражға түскен, заңнамаға сай қолданылмаған миллиардтаған қаржы көлемі анықталады. Қазақстанның сыртқы қарызы 2019 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша 3,7%-ға қысқарды. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша міндеттемелер 158,3 млрд долларды құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңінде – 164,4 млрд доллар (-3,7%). Осылайша, жыл ішінде бұл сома 6,1 млрд долларға азайды. Алайда бұл қуанатын жағдай емес. Қалған берешегіміз аз сома емес. Депутат Жексенбай Дүйсебаевтың сөзінше сыртқы қарыздың салдарынан әрбір қазақстандықтың мойнында 9000 доллар берешек бар болып шығады. Мұның барлығы мемлекет қаржысын орнымен жұмсамағандықтан. Бюджет қаржысын тиімді пайдалану, тиімді жұмсау - ел болашағы үшін маңызды.
Арайлым ӘРІПБАЙ
Comments