«Даму бағытын ұстанған Қазақстан үшін білікті де білімді,
сауатты шешім қабылдай алатын мамандар қажет» Н.Ә. Назарбаев
Еліміз осы күнге дейінгі уақыт аралығында талай қиындықты басынан кешіріп, қыруар істердің басын қайырды. Бұл ақиқатты дүние жүзі көзімен көріп, лайықты бағасын берді. Бүгінде Қазақстан әлем таныған іргелі мемлекетке айналды. Келешегіміздің кемелдене түсуі үшін, әлі де атқарылуы тиіс маңызды міндеттер бар екені белгілі. Осы орайда Елбасымыздың Жолдауында "2019-Жастар жылы" деп жариялап, жастардың білім алуы мен жұмысқа орналасуы жайлы бағыт мәселелер қозғалған болатын. Соның ішінде білім беру саласына жіті көңіл бөліп, алдағы уақытта атқарылуы тиіс ауқымды істердің жоспарын ұсынды. Сол секілді білім беру сапасын арттыру, оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технология енгізу, педогогикалық құрамның сапасын арттыру, білім беру орындарындағы тәрбие жұмыстарын күшейту-жаңа заманның талабы екенін ұмытпайық.
Әрбір мемлекеттің болашағы ол жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жастар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы-білімді ұрпақ қолында» дегені жарқын істерге апарар жолды меңзеп тұрғандай. Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектін келбеті емес пе? Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор.
Ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздар мен ата-ананың басты міндеті. Бүгінде жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Кез-келген ата-ана өз баласының бірнеше тілді меңгеріп, болашақта білікті маман болғанын қалайды. Ал мұндай жетістікке жетер жолдың бастауы – мектеп, сол мектепте берілген білім жеткіншектің бар тірлігінің қайнар бастауы болып табылады. Қыран-
түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзегендей. Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе. Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кезде де аса күрделі, маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық сананы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті ұстаздар қауымының мойынында. Барлық кедергілерді жеңу, табысқа талпыну өз қолымызда деп білеміз. " Оқусыз-білім жоқ, білімсіз күнің жоқ" деген халық даналығы ешқашан да мәнін жоғалтпайды. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік біздің ең басты құндылығымыз, баға жетпес байлығымыз. Сондықтан тәуелсіздігімізді бағалап, жастарға үміт артайық!
Алинура САХАНОВА
«Тұран» университеті, 3-курс студенті
Comments