top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Білімнің бір биігі- үштілділікте


Өз ойымды «Атам берген құрал тілі» деген терең мағыналы сөзбен бастасам деймін. Біздің алғашқы тіліміз анамыздан және отбасымыздан басталады. Себебі сол тілді ең алғаш санамызға сіңіреміз. Ол туған тілі болып есептеледі. Сол тілде сөйлейді және әрбірі құрметпен қарайды. Тілді, жалпы, біз өмірімізге теңесек болады. Осы ретте, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.

Біздің тіліміз бұрынғы кезден қазақ тілі болып қалыптасқан.Ол біздің қазақтығымыздың бір дәлелі деп айтсақ болады.Қазақ елінде өмір сүріп жатқан әрбір адам әрбір ұлт өкілі қазақ тілін білуге міндетті.Өйткені біз қазақпыз ,тіліміз де қазақша болып және мәңгілікке қазақ болып қалуы керек.Сонымен қатар қазіргі заманымызға сай әрбір адам үш тілді жетік меңгеруі тиіс.Айта кетсек, олар- ағылшын тілі орыс және қазақ тілдері.Ағылшын тілі –халықаралық тіл , ал орыс тілі шығыс-үнді европа тілдерінің–славян тілдеріне жатады, ал қазақ тілі –ұлттық тіліміз.Біздің елімізде осы тілдерді меңгеруге үлкен жағдай жасалынған.Айта кетсек, бүлдіршіндерге мектеп қабырғасынан-ақ үйретіледі және соған орай сапалы оқу құралдары көптеп шыққан.Бірнеше тіл білген адам қазіргі кездегі ең білімді адамдар қатарына жатады.Тіл білген адам ең алдымен өзіне, содан кейін халқына пайдасын тигізеді.Біздің дамыған мемлекетімізде үш тіл қатар жүруде.Әсіресе басқа елдермен қарым–қатынас жасауда маңызы зор.Басқа елде, басқа тілде сөйлесек те ешқашан да өз тілімізді ұмытпауымыз қажет.Осы тұста “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте”деген қанатты сөз ойыма келіп отыр. Әр ұлттың ана тілі өзінше ерекше.Мысалы, орыс халқы өз тілдеріне құрметпен, мақтанышпен қарайды, дәл сол сияқты өзге ұлттарда да солай.

Қорыта айтқанда,білімнің шыңы жоғарыда айтып өткендей үштілділікте деп айтып жатамыз.Шынымен де, осы үш тілді білсең, кез – келген білім шыңын бағындыра аласың. Сондай-ақ өмірге деген көзқарасың да тереңдей түседі. Жалпы әрбір адам білімнің биігінде еркін самғасын. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін «Ұлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Ол -жан-дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек .

«Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік.

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік », – деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық.


Ұлжан Хасен

1 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page