Әдетте адамдар осылай ойлайды: жәй темекі - жаман, өйткені темекі шегуші никотиннен басқа, жану кезінде пайда болатын қауіпті шайырды жұтады. Ал вейп болса, сіз никотиннің әртүрлі дозасы бар және жағымсыз шайырлары жоқ сұйықтықты сатып ала аласыз. Содан кейін мөлшерді біртіндеп азайтып, мүмкін темекіні тастай аларсыз. Бинго. Бірақ, бұл көп адамдарда орындала бермейді. Зерттеулер көрсеткендей, әдеттегіден электронды темекіге ауысқан адамдардың ағзасында никотин концентрациясы өзгермейді. Математикамен қиындықтар ма я мөлшерді есептеу қиын ба, немесе денені алдау мүмкін емес па? Және мөлшерді төмендете бастаған соң адам темекіні көбірек шеге бастайды. Сонымен қатар, вейпте қыздырылатын аэрозоль ағзаға тезірек және жақсырақ сіңіріледі. Өз жасына байланысты қиын өмір сүріп жатқан жасөспірімдер никотинмен улану белгілері бар ауруханаларға кезек-кезектен түсе бастады. Не үшін? Вейптен жақсы иіс шығады, буы әдемі, ал қалғанына бәрібір. Жүрек айну, жүректің қатты соғуы, ентігу - сұйық никотинмен уланудың белгілері. 2015 жылы Америкада сұйық никотинмен уланған адамдардың саны 2 452-ге жетті. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1500 адамға көбірек. Жалпы жағдай жағымды емес. Статистика көрсеткендей, темекі тартуға деген қызығушылық өсіп және электронды темекінің арқасында жастар никотинге тәуелді болып келеді. Мысалы, ересек адамға, вейпинг темекіні тастауға көмектессе, ал қалғандарына бастауға көмектеседі. Тек 2012 жылдың өзінде 2 миллионға жуық американдық жасөспірімдер вейпті шегіп көрді. Вейп құрылғылардың сатылымы миллиардтаған долларлық кіріс алып келеді, дегендей, жеке ештеңе жоқ, бұл жай ғана бизнес. Сонымен, біз никотинмен мәселені түсіндік. Келесі электронды темекіні алайық. Сұйық ерітіндінің негізгі ингредиенттері - пропиленгликоль және глицерин. Бұл екі зиянсыз компонент сияқты көрінеді, бірақ пропиленгликоль қыздырылған кезде ол пропилен тотығына айналуы мүмкін, бұл қатерлі ісік ауруын зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің пікірінше, адамдар үшін канцерогенді болып табылады. Бұл заттарды деммен жұту нәтижесінде астма немесе пневмония пайда болуы мүмкін. Кейбір электронды темекілерде аэрозоль, акролеин анықталды. Бұл қанықпаған альдегид улы болып табылады. Бұл альдегидті негізінен фермаларда арамшөптерге қарсы күрес ретінде қолданады. Ол глицеринді қыздырғанда пайда болады және өкпенің созылмалы ауруын қоздырады. 2018 жылы Нью-Йорктегі Рочестер медициналық орталығының университетінің ғалымдары құрамында никотині жоқ электронды темекінің зияны аз болады деген болжамды сынақтан өткізуге шешім қабылдады. Олардың құрамына кіретін хош иістер жан-жақты қарастырылды. Әртүрлі хош иістендіргіштер де улы екендігі белгілі болды. Мысалы, олардың құрамында диацетил және ацетил пропионил, улы химиялық қосылыстар бар. Ең қауіпті хош иістер - тәтті, майлы, мысалы, ваниль және даршын. Вейп екі негізгі бөліктен тұрады: батарея және буландырғыш. Буландырғыштың қыздырғыш элементі батареяның энергиясымен қызады және сұйықтықты буландырады. Электрондық темекінің кейбір жаңа үлгілері пайдаланушыларға будың мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай жоғары бу шығаратын түрлер жәй темекі түтінімен салыстырғанда канцерогендер, соның ішінде формальдегидті шығарады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2008 жылы электронды темекілер, темекі шегуді жеңілдететін дәлелденген құрал емес екенін және сатылымдағы шектеулер оларға қолданылуы керек деп мәлімдеді. 2019 жылдың наурызында Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекілерді әдеттегі темекіге теңестіруді қарапайым түрде ұсынды. Бұл құжат әлі келісіліп жатыр. Жалпы, вейп мұндай қауіпсіз нәрсе емес екен. Оның құрамында никотин болмаса да, денсаулыққа қауіпті элементтер бар.
Асылбек Абдымұрат
Comments