top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Дата журналист болу оңай ма?

Дата журналист деректер журналистикасымен айналысатын, яғни деректер негізінде мәтін түрлерін жасап, мазмұнын сандар арқылы дәлелдейтін маман. Дата журналистика дегенде көз алдымызға бірден формулалар мен еске сақтауға келмейтін цифрлар елестейді. Бірақ бұл журналистика саласынан бейхабар жандардың түсінігі. Шын мәнінде, деректер журналистикасы қазіргі қоғам үшін ақпарат берудің аса өзекті құралы болып табылады. Осынау өзекті, сұранысқа ие салада жұмыс істеу қаншалықты қиын немесе оңай? Қарастырып көрейік.

Егер сіз дата журналист болғыңыз келсе, профессионалдық кеңестерден бұрын физикалық тұрғыда қалпыңызда сақтайтын факторларға назар аударғаныңыз жөн. Оның ең бастысы – төзім. Сіз іздеген ақпарат бірден табылмауы мүмкін, табылғанымен көлемі едәуір үлкен болуы мүмкін. Мүндай жағдайларда сіз табылмады екен деп жаба салатындай, көп екен деп жазюһбай қоятындай күйде болмауыңыз керек. Егер жүйелі жұмыс істеу білсеңіз қай істе де нәтиже көруге болатынын ұмытпаңыз. Келесі фактор – жауапкершілік. Жоғарыда айтқанымдай, туындаған қиындықтарға бола жұмысыңызды аяқсыз қалдыру кәсібилігіңізге сын болады. Үшіншісі – техникалық, технологиялық сауатыңыз. Яғни, ақпарат көздерін іздеу үшін пайдаланылатын платформаларды білу, арнайы программаларды қолдану арқылы инфографикалар жасау да нағыз маманға тән құбылыс.

​ Жоғарыда аталған қасиеттер мен қабілеттер сіздің бойыңыздан табылса және деректермен жұмыс істеуге деген құлшынысыңыз бен ынтаңыз болса сізден мықты маман шығатыны анық. Жұмыстың оңай немесе қиын болуы да өзіңізге байланысты болмақ. Шын мәнінде, жұмысыңыз жүрек қалауыңыз болса, қандай еңбек түрі де қолыңыздан келеді.


Сейтқалиева Еркеназ

16 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page