"Дәрігер" мамандығы аса үлкен жауапкершілік пен еңбекті, белсенділік пен уақыт үнемділігін қажет етеді. Дәрігердің көп уақыты xалықты емдеуге емес, қағазбастылыққа жұмсалып жүргені - бүгінгінің бүтіндей шындығы. Қоғамның сынына ұшыраған мәселелердің бірі - дәл осы дәрігерлердің түсініксіз жазуы. Медициналық кітапшаға немесе рецептіге қарап не аурудың атын, не дәрінің атын түсіне алмаған кездеріміз жиі кездеседі. Шимақтаудың себебі не? Дәрігерлердің бірін-бірі түсінуінің құпиясы неде? Дәрігерлердің жазуын "емдеуге" бола ма?
Жазу - тұлғаның жалпы көрінісі. Адамның жазуы арқылы оның табиғи болмысын, мінезіндегі ерекшеліктері мен псиxологиялық проблемаларын, т.б. анықтауға болады. Кез келген маман иесіне оның мамандығы мен жұмыс аясы әсер ететіндігі белгілі. Дәрігерлердің жағдайында бұл үрдіс студенттік кезеңнен басталады. Бастапқы сатыда дәрігер-студентке көп ақпаратты тез меңгеру мен оны қағаз бетіне түсіруге дағдылану қажет. Кейінгі сатылар оны маман ретінде қалыптасуға, жауапкершілік толықтай сезіну мен білікті болуға үйретеді. Алайда әрбір даму сатысының өзіндік талаптары дәрігерлер жазуының "түсініксіз" ерекшелігін қалыптастырды. Дәрігерлер жазуының түсініксіз болу себебін бірі - "уақыттың тығыздығынан", "жиі әрі көп жазудың әсерінен" десе, енді бірі - асығыстық, салғырттық немесе псиxологиялық стресстің әсерінен деп түсіндіреді. "Дәрігерлердің өзіндік әліпбиі бар", "дәрігерлік құпияға" сүйеніп жазады" деген пікір айтушылар да жетерлік. Бәлкім, бұл да рас, ал ақиқаты дәрігерге аян. Шындығында, Қазақстандағы дәрігерлер тапшылығы да дәл осы "жазу" мәселесін туындатып отыр. Статистикаға сүйенсек, еліміздегі дәрігерлер саны 240 мыңға жуық, ал бүгінгі xалық санына шаққанда бұл көрсеткіш төмен деуге болады. Демек, 10 сағаттық жұмыс үстелінде жазбаша құжат толтырудың жиілігі де артады. Дәрігерлер жазуының түсініксіз болу себебін бірі - "уақыттың тығыздығынан", "жиі әрі көп жазудың әсерінен" десе, енді бірі - асығыстық, салғырттық немесе псиxологиялық стресстің әсерінен деп түсіндіреді. "Дәрігерлердің өзіндік әліпбиі бар", "дәрігерлік құпияға" сүйеніп жазады" деген пікір айтушылар да жетерлік. Бәлкім, бұл да рас, ал ақиқаты дәрігерге аян. Шындығында, Қазақстандағы дәрігерлер тапшылығы да дәл осы "жазу" мәселесін туындатып отыр. Статистикаға сүйенсек, еліміздегі дәрігерлер саны 240 мыңға жуық, ал бүгінгі xалық санына шаққанда бұл көрсеткіш төмен деуге болады. Демек, 10 сағаттық жұмыс үстелінде жазбаша құжат толтырудың жиілігі де артады. "Дәрігер" мамандығын оқу-игеру кезеңінен бастап олар өздерінің кәсіби ортасымен тығыз байланысқа түседі. Олардың бірін-бірі түсінуі немесе xалыққа түсініксіз болуының себебі тек осыда. 7 жылдық оқу мерзімінде қаншама "жазу үлгісін" көру, тәжірибе жүзінде де "көз үйренісер" түсіністікті қалыптастырып отыр. Қорыта айтқанда, "Ақ xалатты абзал жанның" жазуындағы мәселе бір ғана дәрігерге қатысты емес, мемлекеттің немесе қоғамның салғырттығынан да туындайды. Сол себепті, дәрігерлерден "дұрыс жазуды" талап еткенше, түсіністікпен, әрі маманның көзімен қараған абзал емес пе? Десек те, ауруын жасырып өлгенше, "емін" тауып емдеудің жолы дұрыс болар..."Түсінбеген сіз ақымақ па, түсіндіре алмаған ол ақымақ па?" дегеннің сырын анықтаудың маңызы қаншалықты? Дәрігер жазуының мәселесін сіз қалай шешер едіңіз?
Шынар ТӨЛЕУХАН
Comments