top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?


Қарыштаған заманың жастарға деген талабы зор. Қолында жоғарғы оқу орнын тәмәмдады деген құжат болмаса бүгінде еш жұмыс орнының есігін тіптен сығалай алмайсың. Дегенмен жоғарғы оқу орнының студенті болу барлығына бірден тиімді емес. Себебі, елімізде жоғарғы білімнің бағасы әр аймақта әр түрлі.

Жыл сайын жүз мыңдаған қазақстандық жоғарғы сынып оқушыларының алдында күрделі таңдау тұрады. Болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие болу, еңбекақы мөлшері және мансаптық перспективалар нақ осы шешімге байланысты болады. ҚР статистика жөніндегі комитетінің деректеріне көз жүгіртсек, 2018 жылы қазақстандық жоғарғы оқу орындарына 163 336 адам оқуға түскен. Өткен жылы елімізде жалпы саны 542 258 студент болды. Талапкерлер арасында ең танымал мамандықтар - халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, қаржы, экономика және құқықтану, IT саласы, робототехника.

Қазіргі уақытта елімізде 124 жоғарғы оқу орны жұмыс жасайды. Сонымен қатар, олардың оқу құны бүгінде айтарлықтай өзгерді. Бүгіннің түлектерінің назарына еліміздің аймақтарындағы жоғарғы оқу орындарының құнын ұсынамыз.

Алматы қаласында: мұнда бакалавриаттағы бір жылдық оқу құны 671 397 теңгеге айналса, төрт жылға 2 685 588 теңге көлемін құрайды. Айта кету керек, бұл Алматы қаласы бойынша орташа есептегі құн. Алматы қаласынан кейін баға жөнінен Алматы облысы мен Астана қалалары тұр. Бұл аймақтарда бакалавриаттағы бір жылдық оқу орташа есеппен алғанда тиісінше 542 216 және 532 384 теңге болады. Ең жоғарғы құн Алматы облысында 1 205 000 теңге және Астанада 1 000 000 теңге. Кейінгі орынға Ақтөбе облысы (жылына 484 333 теңге), Солтүстік Қазақстан облысы(жылына 450 000 теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (жылына 444 114 теңге) ілеседі.

Қазақстан академиялық статистикалық көрсеткіштердің, сарапшылары ұсынған ақпарат бойынша биылғы жылғы білім құны жоғарыда көрсетілген бағаға құбылмақ.


Дана Ерланқызы

6 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page