top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Жадымда қалған мықты тұлға

2019 жылдың күз айында қазіргідей үйде отырған карантин заманы емес, студенттік өмірмен қарбаласып жүрген белсенді өміріміздің қызық күндері еді...


Сол уақытта мені бір үлкен мотивацияға толтырған азамат форумда тренинг жүргізген болатын. Ол – Синергия Университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев. Ол кісінің өмірі, айткан дүниелері әлі жадымда. Сол уақыттан бері ағай менің кумиріме айналды. Неге десеңіз, нағыз еркекке сай қасиеттің бәрі бар. Қысқаша сол күнге оралсақ... Өміріндегі бар қуанышын, қайғысын жастарға әңгімеледі. Мәскеуде жастайынан жұмыс істеп, боз бала шағында, үлкен жетістіктерге жеткен. Мына бір сөзі есімде қалыпты: «Сіздің жүрегіңіз соғып тұрғанда- сіз бәрін істей аласыз! Армандарыңыз бен мақсаттарыңыз бірге Аллах сізге соның бәрін жүзеге асыруға қуат береді! Тек қана әрекет етіңіз!». Осындай көптеген мотивация беріп, жастарды жігерлендірген болатын. Және де қыз-келіншек қауымына деген сыйластығын сөзбен жеткізу мүмкін емес! Тренингтің өзінде анасын, жарын және қыздарын қалай құрметтейтіні білінген. Тренингтан кейін инстаграм парақшасына тіркеліп, қыздарына деген әкелік махаббаты қандай екенін көрдім. Жүректі тебірентеді.

Сөзімді Бауыржан Қасымбергебаевтың мына бір сөзімен аяқтағым келеді: «Өмір бір рет беріледі, ештеңеден қорықпа! Өміріңнің соңында жақындарымызға жылы сөз айтпағанымыз үшін, жақсы көретін адамдарымызбен уақыт өткізбегеніміз үшін өкінетін боламыз. Жүрек бүкіл әлемге махаббат бере алады. Ал табыс махабатты берушілерге келеді».


Журналистика, 3-курс

Сағыныш САБЫР

6 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Commenti


Пост: Blog2_Post
bottom of page