top of page

Жасанды кірпік жалғаудың әлегі

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 24 окт. 2019 г.
  • 2 мин. чтения


Қазақстанда мемлекеттік ауруханада жұмыс істейтін жоғары білімді медбике 60 мың теңге, орта білімді медбике 49 мыңнан сәл көп, санитар қызметкер 43-45 мың теңге жалақы алады. Жекеменшік ауруханаға орналасса шамамен екі есе көп – жалақы 90 мың теңгеден бастап, 120 мың теңгеге дейін. 24 сағат кезекшілікте тұратын жауапты мамандыққа алатын айлығы, әрине, өте аз. Есесіне, бізде жарты сағатта жасанды кірпік жабыстырып, екі сағатта қас пен шашты түзетіп, медбикенің бір айлық жалақысын бір күнде табатын "мамандар" бар. Себебі – өте жоғары сұраныс бар.Пайдалы тұсын қабылдап, зиянды жағына көз жұма қарап, осы қызмет түріне жүгінетіндердің санында шек жоқ. Кей бойжеткендер мінсіз тушь іздеуден шаршағандықтан және табиғатынан кірпіктері ұзын әрі қалың болмағандықтан сұлулық салондарында кірпік ұзарту процедурасын жасатады. Кірпік ұзарту - көзге айқындық беретін және көзді үлкейтіп көрсететін қарапайым әрі тиімді әдіс. Алайда бұл процедура жайлы не білуіміз қажет?

Кірпік түрлері мен орналасуы

Жасанды кірпіктер микрофибрадан, адам шашынан, синтетикалық материалдан және полимерден жасалуы мүмкін. Олардың 6-17 миллиметрге дейінгі ұзындықтағы түрлері кездеседі. Стандарттық түстері — қара мен қоңыр, бірақ кез келген түсті кірпікке тапсырыс беруге болады. Білікті маман көзіңіз табиғи көрінуі үшін түрлі ұзындықтағы кірпікті ұзартады. Әдетте кірпіктің қысқалауын көздің ішкі бұрышына, ал ұзындарын сыртқы бұрыш жағына орналастырады. Егер көзіңіз қысық болса, ұзын кірпіктерді көздің ортасына орналастырады. Егер көзіңіз бір-біріне жақын орналасқан болса, ұзын емес, орташа кірпіктермен шектеледі. Керісінше, көзіңіз алшақ орналасқан болса, ұзын кірпік жақсы жарасады.

Кімдерге кірпік ұзартуға болмайды?

Кірпік ұзарту кезінде жасанды кірпіктер қабақ терісіне емес, сіздің кірпігіңізге жабыстырылады. Сәйкесінше, егер кірпіктеріңіз өте жіңішке және сынғыш болса, кірпік ұзарту сізге арналмағанын ұмытпаңыз. Мұндай жағдайда бір күндік жапсырма кірпіктерге жүгініңіз. Кірпік ұзарту жасатуға болмайтын екінші жағдай — өте қысқа кірпіктер. Бұл жағдайда кірпік ұзартатын болсаңыз, сіздің және жасанды кірпіктің арасы өте қысқа болып, ұзартқан кірпіктеріңіз дұрыс жабыспайды.

Кірпік ұзарту сәнді болғанымен көзге айтарлықтай зиян. Денсаулыққа зияны болмаса жақсы ғой. Алайда оның тарттырар азабы да аз емес екенін әсемдікке құмар қыз-келіншектер түсінсе екен . Жасанды дүниенің уақыт өте келе жанды жараға айналмауына да ешкім кепілдік бермейді. Бармақ тістеп қалмас үшін ...құрбандыққа бармас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн.


Арайлым ӘРІПБАЙ

 
 
 

Comments


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page