Әрбір елдің xалқы өмір сүріп жатқан өлкесінің болашағы жайлы ойланады. Ұрпақтарының бейбіт күнде өмір сүргенін қалайды. Оған мысал ретінде, сонау Қазақ xандығы құрылғаннан бастап, ата-бабаларымыз бостандықта өмір сүруді аңсағанын және сол үшін қаншама шайқастарды бастан өткергенін айтуға болады. 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырларымыз, тәуелсіздік үшін қан майданда өз жандарын пида етті.
Жастар — 14-29 жас аралығындағы осы елде өмір сүріп жатқан адамдар тобы. 2017 жылдың басындағы деректерге сәйкес, еліміздегі жастардың саны 3994 464 адамды құрады. Дегенмен, "Олар қазір не істеп жүр?"-деп сұрақ қояр болсаңыз, бүгінгінің жастары тек өз қара бастарының қамын ойлап жүр деп жауап берер едік. Миллиондаған қаржы мен асыл, бағалы тастар үшін еңбек етуде. Ел болашағы кейбіріне ғана қызықты болып көрінеді, біршамасы өзінің кәсібімен жүр. Әртүрлі кәсіппен айналысқан дұрыс, оның барлығы елдің дамуы үшін керек. Алайда, біздің болашағымыз сіздерді алаңдатуы шарт қой. Өйткені, баршамыз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан қазіргі болып жатқан жәйттарға бей-жай қарамауымыз керек.
Жалпы ел болашағын қалай елестете аласыз?! Осы сұрақты өзіңізге де қойып көріңіз. Іштей ойланып, жауап беріңіз. Екіге бөлінген жастар ойына тоқталайық. Бірінші ағымдағы жастар ел болашағын жаhанданумен байланыстырып, дамыған елдер қатарына қосылуымызбен елестетеді екен. Оған қоса, осыдан біршама жыл бұрын дамыған елдер қатарына кіргендіктен, болашақта бұл қағиданы орындау қиынға соқпайды деп отыр. Демек, жасампаз ел жастары үшін жаhандану біршама мәселелерді шешіп береді екен. Мақсаттары үшін әрқашан еңбек ететіндерін жеткізді. Бұл пікірге қарсы шығатын екінші ағымдағы жастар болса, еліміздің ертеңіне күмәнмен қарайды. Осы үрдіспен кете берсек, тіл мен діліміз құрып кетуі мүмкін деп топшылайды. Әйтсе де, сол тіліміздің мәртебесін асқақтату немесе керісінше төменге құлдырату өз қолымызда екенін ұмытпасақ.
Қорытындылай келе, ел болашағы — жастар қолында екенін еске салайық. Қоғамда әртүрлі пікір бар. Жарқын болашақ үшін күресейік…
Ақтолқын УТЕНОВА
Комментарии