Мемлекеттік тілді дамыту қоры жастар арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «www.soyle.kz» интернет-порталының парақшасында әлеуметтік сауалнама өткізді. Әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы Казақстандық жастардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілде еркін сөйлейтінін көрсетеді. Бірақ еркін сөйлеу таза қазақ тілін меңгергендігін білдіреді ме? Білім және ғылым министрлігі оқу үрдісі үш тілде өтуін бекіткенін барлығымызға мәлім. Мектептерде үш тілді қатар оқытып, баланың басын сергелдеңге салып сандырақтатып қойдық. Үш тұғырлы тіл деп жүріп төртінші тілдің төрге шыққанын да аңдамай қалдық. Төртінші тілдің ресми атауы – жаргон. Байқайсыздар ма, қоғамдық орында, автобуста жастардың қалай сөйлейтінін. Жастар бір қобалжып әрі-сәрі боп тұрған досын көрсе: "Не потеря боп тұрсың" дейді, қолынан келетін іс тапсырсаң: "Оой изи ғой изи" деп шұбартады. Суретке түсіп тұрған достарын көрсе: "Катаймай тұршы" дейді.
Осының бәрін көріп, жастар аралас, шұбарланған тілде сөйлеп жүргендеріне көзің жетеді. Ұрпақтың көрінісі осындай болса, келер ұрпаққа қалай үміт артамыз? Бірде тілдің ажалы атты мақаладан қызық статистикаларды оқып едім соларды ұсынсам:
Әлемде 6000-нан астам тіл болса, солардың 600-не ғана жойылу қаупі төнбейді екен. Осы тұста кез-келген адамның көкейіне "Тілді ажал аузында деп қай кезде айтуға болады?"- деген сұрақ туындайды. Жауабы — сол тілде сөйлейтін жас ұрпақ одан безінген кезде. Қазіргі қазақ жатарының күйін көріп, өз тілінен безінді деп ойлайсың.
Әлемдегі 5 мың тірі тілдің ай сайын 2-еуі өледі. Жағдайымыз осылай жалғаса берсе, кім кепіл өлген екі тілдің біреуі біз болмайтынымызға?
Мөлдір Нұрболатқызы
Comments