top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ЖАСТАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІ


Қазіргі заман нағыз технологиялардың даму кезеңі болып жатқаны барлығымызға белгілі. Себебі, бұл кезеңде еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ұялы телефондар, планшет, ноутбук сынды жабдықтарды мезгілсіз пайдаланады. Оған қоса, әлеуметтік желілердің шырмауынан да шығар емес.Алайда, көптеген ересектер жасөспірімдердің заманауи электрониканы тез меңгере білуіне таңданады. Неге десек, қазір бесікте жатқан сәбиге де жылағанын қойдыру үшін бір смартфоннан музыка немесе мультвидеолар қоса саламыз. Осыдан кейінгі баланың телефонға деген әуестігі басталғаннан болар, смартфонды тез меңгергіш келеді. Алайда, кейбір ата-аналар оны мақтаныш көретін сыңайлы. Бірақ, шын мәнінде, балаға заманауи смартфонды немесе планшетті меңгеру ас қасық ұстап үйренгенге қарағанда қиынға соғады. Бұл тұжырымды осыдан бірнеше жыл бұрын америкалық психиатриялық қауымдастықтың (APA) мүшелері дәлелдеген екен. "Баланың таланты туралы смартфонды жақсы қолдана білуі емес, бала осы смартфонның көмегімен қол жеткізгісі келетін мақсаттары куәландырады. Егер электроника өзін-өзі жетілдіру, іздену сипатында қолданылса, ол пайдалы. Егер ол тек ойын-сауық үшін пайдаланылса, онда оған қолжетімділікті шектеу керек" деп сарапшылар бұл жабдықтардың қалай қолдану тәсілін ұсынған. Мәселен, электрондық девайсы бар қатардағы жасөспірімдер күніне тоғыз сағатын не үшін жұмсайтынын анықтауды жөн көрдім: яғни, 39% уақытын музыканы тыңдауға, бейнероликтерді көруге (көп жағдайда әзіл-сықақ немесе порнографиялық мазмұн) және жіберілетін жаңалықтарды оқуға. 26% - Facebook / Twitter тағы сол сияқты әлеуметтік желілеріндегі хат алмасуға және достармен бейне байланыс жасауға. 25% - интернет-сайттар бойынша бейне ойындар көруге немесе ойнауға. 3% - шығармашылық пен білімге жұмсайды екен. Осылайша, осы қатардағы жасөспірімдер пайдалы нәрсе үшін қолданудың 9 сағатынан 15 минуттан аз уақыт жұмсайды екен. Көптеген жағдайларда электроника жасөспірімдерді ақылын кемітеді және ең жақсы өмір сүру кезеңінен айыратыны айтпасақ та белгілі. Расында да, кейбір адамдарға смартфонсыз өмір жоқ тәрізді. Әсіресе, әлеуметтік желіге кіруге арналған ай сайынғы тарифтік бірліктер таусылып қалған жағдайда, кейбір адамдар не істерін білмей кетеді. Ал бұған не себеп? Иә, қазіргі таңдағы бұл проблеманы адам ойының дағдарысы десек те болады. Күнделікті уақытының көп бөлігін осы смартфонмен өткізетін жандар үшін, өмірдегі одан да қызық нәрселердің бар екенін ұғындыру үлкен жұмыс сияқты. Бірақ, бұл да бір жаңа заманның даму процесі. Әр заман өздерінше өзгеше келеді. Сондықтан да , технологиялы заманда бұл айтылған ойлар біреуге қонымды, ал біреуге қонымсыз болар. Қарыштаған заманда бұндай дағдарыстың одан әрі ушығып кеткені біз үшін өкінішті болары анық. Алайда, бұл әр адамның санасына байланысты. Ал біз қай жерде болсын, күніміздің көп бөлігін өзімізге пайдасы бар жұмыстармен айналысқанымыз жөн!


Анель ӘНУАРБЕК

«Тұран» университеті, 3-курс студенті

3 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page