top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Жасөспірімдер қылмысы көбейіп кетті

Соңғы уақытта елді елең еткізіп, алдын алуға тиіс басты мәселелердің біріне айналып отырған жасөспірімдер қылмысы неге көбейіп кетті? Доп қуалап, мектептің тапсырмасына бас қатырып отыратын шақтарында қолына қару алуына не себеп болды? Оған кім кінәлі, жазасы қандай болмақ?!


Мектеп жасындағы оқушылардың қылмыстары күннен күнге артып келеді. Ұрлық, төбелес, ұрып-соғумен шектелмей адам өлтіру сынды ауыр қылмысқа барудан да тайынбайтын болды. Бұлай жалғаса берсе тигізер зардаптары да ауыр болмақ. Оларды мұндай іске не итермелейді, жауапкершілікті кім көтереді? Әдетте, денсаулығында психикалық ақау бар адамдар болмаса қылмыстың бұл түрі топтық-ұйымдасқан түрде жүзеге асады. Бірақ, жауапкершілікті бір ғана адам мойнына алып жазасын өтейді. Ал топтың барлық мүшесі анықталған жағдайда бірнеше жылға бас бостандығынан айырылады. Кәмелеттік жасқа жетпеген балалардың ата-аналарына да жаза қолданылады.

Мұндай істердің алдын алу шаралары жүргізілмейді емес, әрдайым жүргізіліп отырады. Құқық қорғау органдары мен инспекторлар тарапынан мектептерде дәріс өткізіледі, мектеп басшыларының ұйымдастыруымен мектеп ұжымы түнгі кезешілікте тұрады, ата-аналар да балаларына тағылымды тәрбие беретініне күмәніміз жоқ. Дегенмен, неге әлі күнге бұл іс тыйылмай жатыр? Оның барлығы – бала психологиясының ерте жастан бұзылуының кесірі. Ал, жалпы адам психологиясына түрлі факторлар әсер ететіні белгілі. Жасөспірімдерге әсер ететін негізгілері – ғаламтор, әлеуметтік желі, триллер, боевик жанрларындағы кинолар мен енді ғана етек ала бастаған субмәдениет, діни емес ағымдар. Егер оң-солын жаңа танып, санасы енді ғана қалыптасып келе жатқан жеткіншектерді жастайынан ғылым-білімге, игі істермен айналысуға, бос уақытын тиімді өткізуге баулысақ, кекшілдікке емес кешірімділікке, ақымақтық емес ақылды болуға үйретсек жасөспірімдер қылмысы азаяр еді. Баласын жоқтап анасы қалмас еді, темір тордың ар жағында өкінген жас тұрмас еді. Сондықтан, ойланайық, ертерек іске кірісейік! Жастарды жақсылыққа жетелейтін қоғам қалыптастыру сіз бен біздің қолымызда!


Журналистика, 3 курс

Еркеназ СЕЙТҚАЛИЕВА

https://bugin.kz/19449-zhasospirimder-qylmysy-kobeyip-ketti

11 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Commenti


Пост: Blog2_Post
bottom of page