top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Жат ағым жетегіне жол жоқ


Асыл дініміз исламға күйе жағып дін атын жамылғандар ислам десе зәресі зәр түбіне жетіп, шошынып қарайтын күйге түсткені жасырын емес.Бүлік шығарып, ақиқатты бұрмалаңдар демейді, әлбетте. Тазалық пен бейбітшілікті ту еткен дініміз адамзат баласына имандылықты, парасат пен пайымды, кешірім мен келісімді, шапағат пен мейірімді, қанағат пен рахымды, білім мен еңбекті насихаттайтындықтан мұсылман адамға көптеген жауапкершіліктердің жүктелетейді. Солардың ішінде шынайы дінімізді насихаттау, қоғамды ізгілікке шақыру – басты мақсаттардың бірі. Қазіргі таңда діни бүлік салушылардың оқиға желісі осы іспеттес. Мешіттерде үгіт-насихат жұмыстары аз жүргізіліп жатқан жоқ. Мінберде, ғаламторда, әр түрлі басқосуларда айтылуда. Бірақ, теріс ағым жетегінде жүргендер ақиқатты іздеушілер емес, олар өз сенімін ғана «ақиқат» деп білушілер. Сондықтан, бейне бір тас керең секілді, естігісі келмейді.

Дін қазіргі таңда қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі болып тұр. Олай дейтін себебіміз, жастарымыз ислами білімді ҚМДБ-на қарасты мешіттердегі имам немесе діни білім беретін оқу орындарынан алмайтыны өкінішті. Жастарымыз ислами білімді ғаламтордан алады. Онда дәстүрлі емес жат ағымдардың саны өте көп. Осы ағымдардың шырмауында кетіп жатыр. Кейінгі кезде Қоғамда Исламды жамылып пайда болған теріс ағымдар санының көбеюі өзекті мәселеге айналды. Әдетте мұндай құбылыс қоғамда адамдардың діни сауаттығының жоқтығынан немесе сауаттығының аздығынан туындайды. Демек қоғамда қазақ тарихы үшін қалыптасқан дәстүрлі исламды, оның ішінде Әбу ханифа мазhабын насихаттайтын білімді мамандар қажет. Түркі халықтарының ханафи мазhабын таңдауында өзіндік ерекшелік бар. Бұл мектептің басқа мектептерден ерекшелігі халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарап, тұрмыста оларды пайдалануына жағдай жасауы. Сондықтан да біздің дәстүріміз дінмен біте қайнасып кеткен. Әсіресе, мұсылмандық түсінікте жас ұрпаққа ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбие беруге баса назар аударылады. Жастарымыз сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін ұмытпай, құрмет тұтып қадірлеуі ислами құндылықтарды бірінші орынға қоюы маңызды. Дәстүрлі дінімізде ата-дәстүрімізбен ұштасып жатқан құндылықтар жетіп жатыр. Білімге, ақылға, жақсы ниетке, әлеуметтік әділеттілікке, сонымен қатар адамдардың құқығы мен құрметіне ерекше көңіл бөлінген. Жарқын елдің болашағы – білімді жігерлі жастардың қолында. Ендеше, жаман қылықтардан, өз ортасы жоқ жат пиғылды топтардан аулақ болайық.

Арайлым Әріпбай

5 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Σχόλια


Пост: Blog2_Post
bottom of page