top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Жатақхана-жанға жайлы тәтті үйің


Өміріміздің бал шағы студенттік өмір болса, студенттік өмірдің қызығы-жатақхана. Оқуға түскен кез-келген студент үшін басты мәселе-тұратын жер іздеу. Студенттер алғашқы жылдарда жатақханадан бөлме алып, студенттер үйінде өмір сүргенді дұрыс санайды. Жатақхана барлық заттарды ортақ қолдануға, өз бетіңше тамақ пісіріп, күнделікті тіршілікті біреудің көмегінсіз атқаруға үйретеді. Әр ЖОО-да жатақханада тұру ақысы әртүрлі. Мысалы жатақханада тұру үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де айына 8500-10700 көлемінде, ҚызПу-да жылына 31-мың теңге, ал Тұран университетінің студенттер үйіне айына 15-мың теңге. Бірақ жатақханадан орын алу оңай шаруа емес. Сондықтан, студенттер алғашқы курста ғана жатақханада тұрып, кейінгі жылдары пәтерге шығуға немесе туыстарының үйін паналауға мәжбүр. Алматы-жастар қаласы. Колледждер мен мектептерді санамағанда Алматыда 50-ден астам ЖОО бар. Сәйкесінше қалаға арман қуып келетін студенттер саны көп. Сол студенттердің барлығы жатақханамен қамтамасыз етіліп жатыр ма? Жоқ. Әрине, бұл сұраққа жауап берер адам болғанымен, шешімі табылмай тұрғаны анық.

Мен "Тұран" университетінің 2-курс студентімін Тұранның жатақханасында тұрып жатқаныма 2-жыл уақыт болды. Студенттер үйі тып-тыныш, әркім өзімен өзі шығып келіп жүрген студенттер, жастар. Тек бірге тұратын қызбен ғана сөйлесемін, араласамын. Ал басқа қыздармен тек "Сәлем" деп қана өтеміз, мен ғана емес бәрі сондай. Үлкендер айтушы еді: “Біздің кезімізде сондай қызық болатын күніге шу, күлкі, ойын”- деп. Ең көп сұрайтындары- “Жігіттер сендердің тамақтарыңды ұрлап кетпей ді ма? ”-деп. Қайдан ұрласын, жан-жақта камералар толып тұрса. Қысқасы, бәрі тып-тыныш. Барлық студенттер үйінде осылай ма? Әлде бізде ғана ма? Әлде студенттер жалғыздық пен тыныштықты ұнатады ма? Жалпы жатақхана қазіргі қоғамның басты проблемасы. Қаншама студентті көремін, осы жерден бір бөлме ала алмай жылап кететін. “Әрең қолым жетті ма? ”-деп алады. Бірақ бағаламай, тәртіпке бағынбайтындары қаншама, оны да көріп жүрміз. Алматыдан пәтер тұрмақ, жатақхана таппай жүргендер қаншама? Сондықтан әр нәрсеге риза болғанымыз дұрыс.


Алтын Оразбек

25 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page