top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Жемқорлықпен күрес – біздің ортақ міндетіміз!


Біздің мемлекетімізде өзге мемлекеттердегідей аса ауыр дерт бар, індет десек те артық айтқанымыз емес. Ол дерт біздің дамыған елдер қатарына қосылуымызға, салт – дәстүріміздің жаңғыруына , рухани , экономикалық тұрғыдан дамуымызға кері әсерін тигізуде. Бiз жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – ЖЕМҚОРЛЫҚ. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу- Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі . Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Қазақстан әлі сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Бұл әлем елдеріндегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін анықтайтын Transparency International ұйымының 2008 жылғы қорытынды есебінде көрсетілген. Жалпы бұл дерт әрбір адамның екіншісінің өмір тарихында міндетті түрде кездеседі. Оған себеп қарсылықтың болмауы. Ешкім жемқорлықты қолдамайды және де оған тосқауыл салмайды. Неге? Себебі шенділерге сенсек олар да, темір торға сол індетті жұқтырып түсіп жатыр, білімде де жемқорлықтың аз еместігін мойындауымыз керек. Кез- келген мемлеккетік қарапайым жұмыстарда жемқорлық тозаңдап кеткен, ондай болса жеке кәсіпкерлердің ісін алыстан да қарастырмай – ақ қояйық.

Жемқорлық бірнеше түрге бөлінеді. Корпоративті сыбайлас жемқорлық – капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсіпкерлігін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара беру.

Саяси сыбайлас жемқорлық – ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заң бұзушылықтарды жасыру үшін ақша бопсалау, қаржының депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу. Бұл жемқорлық түрлерінің барлығы дерлік біздің елімізде кездеседі.

Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, әлемге танылғанымызға жиырма алты жылдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Жемқорлықпен күрес - ол әрбір азаматтың басты борышы. Өзіміз өмір сүріп жатырған қоғам тынысының тарылмауы тікелей өзімізге байланысты. Менің жеке жемқорлықпен күресу тактикам – үнсіздікте қалмау. Қоғамдағы көз көрген заңға қайшы әрекетті жасырмай айту, туыстың емес заңның сөзін сөйлеуді мақсат ету. Себебі қандай әрекет істесеңіз, әрекетіңізге қарай болашағыңыздын жарқындығы сыйпатталады. Бастысы патриотизм сезімінің күшті болуы. Елін сүйген арсыз іске барып, өзінін де өзгенін де ту сыртынан пышақ ұрмайды. Бұл дертті ауыздықтау «онкология» ауруын ауыздықтау секілді қиын іс.

Бірақ біз онкологияның біраз түрін женгенбіз, болашақта еліміздің басына бұлт болып күнді басып тұрған, жемқорлық дертінде жеңетінімізге сенемін!

Жемқорлыққа жол бермеңіз – бұл сіздің отан алдындағы борышыңыздын бірі!

Хайдарова Сара ЕСМАҒАМБЕТҚЫЗЫ

0 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

コメント


Пост: Blog2_Post
bottom of page