top of page

ЖЕТІМДІ ЖЫЛАТПАЙЫН ДЕСЕК...

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 24 сент. 2019 г.
  • 1 мин. чтения


Біз қазақ елі "жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған" құрметті сақтай білген елміз. Қазіргі қандастарымыздан бұл татулығымыз жалғасын тауып жүр ме деген сұраққа "Қазақ xалқының бойына сіңген мейірімділік, бауырмалдылық сынды қасиеттер жоғалған" дейді. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 96 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Жан түршігерлік бұл статистика қазақтың бойында қатыгездіктің пайда болғанынан ғана ма? Әсілінде, ондай емес. Атам қазақ ешқашан жетімін тентіретпеген. Осы күнге дейін бұл адамгершілігімізден толықтай айырыла қойған жоқпыз. Алайда, көмек қолын созғанда қолымызды қайтарып жіберетін тосқауылдар елімізде баршылық. Қаншама жанашырлар қазіргі таңда бала асырап алғысы келетіндердің кезегінде тұр. Сонда ана қүшағын аңсаған бала мен сәби даусына зар болған ата - ананың қосылуына не кедергі?

Ең алдымен бала асырап алудың рәсімдеріне тоқтала кетсек. Балаларды асырап алуға тілек білдіргендерге негізгі 10 құжат жинау қажет. Оның ішінде өтініш, құжат, ұсыныс, анықтама т. б бар. Құжат тапсырылған соң арнайы органнан бала асырауға рұқсат күтесіз . Оң нәтиже шықса, балалар мекемесіне жолдама аласыз. Баламен танысу кезеңі өтіп болған соң, құжаттарыңыз сотқа жіберіледі. Сот шешімінен кейін 15 күннен соң баланы алып кетсе болады.

Әсілінде бала асырап алу бірден шешілетін шаруа емес. Жетім қалған баланы бауырына басар ата-ананы әлекке салар бұл істің бірден жүзеге аспауына кедергі бірнеше себеп бар. Әуелгісі табылуы мен ісі ұзақ құжат болса, кейінгісі сол құжатты қабылдайтын балалар үйі. Бала тағдырын өз қолына алар ата - ананы сенделтіп, құжатты қабылдамайтыны тағы бар. Осының бәрі жиналып, кейбір адамдардың бұл xайырлы іске қолын сілтей салатыны бар. Осы уақытта тұйықталып қалған бұл мәселені шешетін кез келді-ау?!


Мөлдір ЖҰМАБЕК

«Тұран» университеті, 3-курс студенті

 
 
 

Комментарии


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page