top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАУЫ ҮШІН НЕ КЕРЕК?


Жастар – елдің болашағы, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы.Алайда қазіргі таңда жоғары білімді жұмыссыз жастар санының күрт өсуі өзекті мәселе. Елімізде 47 мемлекеттік ЖОО болса, жалпы саны 130 жоғарғы оқу орны жұмыс істейді. Жыл сайын орта есеппен 130 000 мың маман даярланады. Алайда, жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу бақыты диплом алған маманның бәріне бұйыра бермейді. Көп мекемелер, жұмыс берушілер көп жағдайда жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлерді алуға ынталы екені жасырын емес.Жоғары білімді мамандардың 30%-ы ғана өз мамандықтары бойынша жұмысқа тұрады екен. Басты себептердің бірі біз жыл сайын мемлекет пен ата-аналардың қаражаттары есебінен қазіргі нарық қажет етпейтін мыңдаған жоғары білімді мамандарды даярлап, жұмыссыздар санын қолдап көбейтіп отырмыз. Кез келген ата-ана бауыр еті баласының жақсы жұмыс істеп, өз ісінің маманы болғанын қалайды. Оның арманын орындау үшін барын салып, оқытып, дипломын алып береді. Сондай жастың бірі – Ағабеков Нұрхан. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін информатика мамандығы бойынша бітірген жас жігіттің жұмыссыз жүргеніне 2 жылға таяды. Осы уақыт ішінде ол тойханаларда даяшы, күзетші, дүкендерге тауар тасушы болып қызмет еткен.

- Мамандығым бар. Дипломым сандық түбінде сақтаулы тұр. Талай мекемеге түйіндеме қалдырдым. Көбі: «Жұмыс өтілің жоқ. Бізге кем дегенде 1-2 жыл осы сала бойынша қызмет еткен адам керек», - деп есіктен қайтарады. Сонда бізді мемлекеттік мекемелер жұмысқа қабылдамаса, оқуды кеше ғана бітірген жас мамандарға жұмыс өтілі қайдан келеді? – деп налиды Нұрхан. Расымен де, кез- келген жұмыс беруші өзіне білікті маман алғанды қалайтыны сөзсіз. Нұрханның айтуынша, өзі тәрізді дипломы бола тұра, тұрақты жұмыс таппай жүрген жастардың саны бүгінгі қоғамда артып келеді.

Дүниежүзінде екі мыңнан астам мамандық бар екен. Бірақ заман талабына сай сол мамандықтардың бірі жойылып, бірінің мазмұны өзгерсе, енді бірі жаңадан пайда болып жатады. Елімізге қандай мамандықтар қажет? Қазіргі кезде жаңа технология саласындағы мамандар, технолог, газ-мұнай саласындағы инженерлер, құрылыс мамандарын дайындауға көп көңіл бөлінуде. Денсаулық сақтау саласымен мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушыларына деген сұраныс азайған жоқ. Өйткені, олар қай кезде де керек мамандықтар. Бүгінгі жастар орта мектепті бітіре сала қалтасы болашағы зор деген «модный» заңгер, кеден, салық, экономист, бухгалтер мамандықтарына қолдарын созады емес пе? Алайда, бұл мамандықтардың атауы қызықтырғанымен, жұмыс табу жағынан жолыңыздың бола қоюы екіталай. Бұл салада маман өте көп. Есесіне бізде агроном, ветеринар, жалпы ауыл шаруашылығы мамандары жетіспейді. Тіпті космонавтика, атомдық ядро, энергетика салаларында мамандарымыз жоқтың қасы.

Өмірде биік жетістікке жеткен адамдарға қарап, жетістіктің кілті жоғары оқу орнын құры тәмамдауда емес, шынайы білімде, жеке ізденісте, өзіңді жетілдіру мен профессионализмде екендігіне көз жеткізесің. Соны дұрыс пайдалана біліп, өзін қамшылап, мақсатқа талпынғандар үшін мүмкін емес ешнәрсенің жоқ екенін ұғынасың. Олай болса, елден қалмайық деп диплом алуға «әсемпаз» болмай, жасампаз болуға талаптаналық. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қоюы керек. Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз.


Арайлым Әріпбай

"Тұран" университеті, 3-курс студенті

4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page