top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Журналистика мамандығындағы «Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың» маңызы


Біз, XXI ғасыр ұрпақтары, ақпараттық технологиялар заманында өмір сүрудеміз. Ақпараттық технологиялардың көмегімен біздің қоғам цивилизацияның жаңа баспалдағын аттады. 1960 -1970 жылдары Ақпараттық технологиялар талаптары техникалық болып келсе , 1980-1990 жылдары әлеуметтік – саяси мінезге ие болды. Ақпараттық технологиялардың дамуы 1950 жылдардың өзінде - ақ БАҚ - на өз әсерін тигізбей қоймады, БАҚ өз дамуының алғашқы толқынын бастады…

Қазіргі кездегі қазақ медиа жүйесінде бірнеше жаңа бағыттар белгілі деңгейде көрініс тауып отыр. Мысалы, демассовизация - дәстүрлі БАҚ-тың ақпарат қабылдаушылары азайып, олардың түрлі топтарға бөлінуі.Конгломерация - БАҚ-тардың бір қолға шоғырлануы қарқын алып, бір ақпарат бірнеше арна арқылы көпке тарайтын болды.  Конвергенция - БАҚ атаулының өзара ұқсастық табуы, тың технологияның нәтижесінде жаңасы мен дәстүрлі ақпарат құралдары арасындағы айырмашылықтардың азаюы, екеуінің де қосарлана қолданылу үрдістері.Кей жағынан қарқынды өрістеу бағыты байқалып отырғанын анық аңғаруға болады. Олардың әрбіріне жеке-жеке тоқталайық: Жаһандану үрдісі қазақ журналистикасында қалай көрініс тауып отыр? Бүгінде бізде БАҚ тек сан жағынан ғана өсіп отырған жоқ. Ақпарат құралдарының жаңаша түрлері де пайда болуда. Атап айтсақ, онлайн баспасөз, кабелдік телевизия, қысқа толқынды радио, смартфон немесе ұялы байланыстар арқылы ақпарат тарату, мобайлдық ақпарат қабылдау мүмкіндік туып отыр. Қазақ аудиториясы өздерінің көзқарастары мен ой, пікірлерін интернет арқылы көпке жеткізуге кең мүмкіндік беріп отыр. Қысқасы, ақпарат үшін уақыт пен кеңістік ұғымына тәуелділік барынша азайды, тіпті жоғалды деуге де болады.

Ақпараттық коммуникациялардың дамуы әсіресе интернет журналистиканың керегесін кеңейтіп берді. Ғаламтор ақпарат ағынының тиегін ағытты, әлемдік ақпараттық кеңістікті қалыптастырды , журналистиканың тың саласы – жаңа медианы жасады. Бұл үдеріс Қазақстанның ақпараттық кеңістігін де айналып өтпеді. Әлі өзіндік бет-бейнесі дұрыс қалыптаспай тұрып, отандық БАҚ интернет-журналистика, яғни, жаңа медианың оң және теріс әсерінен соңғы жылдары орасан зор өзгеріске ұшырауда. Алайда, әлемдік жаңалықты жақсы-жаманын сұрыптамастан сіңіріп алғанымыз жарамас. Сондықтан, жаңа медианың отандық БАҚ, ақпараттық кеңістікке ықпалын сараптап алу керек.Бұқаралық коммуникация құралдары ғасырлар иірімінде қарыштап дамыды. ХV ғасырда − кітап, ХVІ − газет, ХVІІ ғасырда журнал жарыққа шықты. ХХ ғасырда радио мен телевизияның жасалуы ақпарат саласында орасан зор толқыныс тудырса, ал, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған Интернет пайда болды. Бұл жайт БАҚ-ның дамуына катализаторлық ықпал етіп, өнімділігін арттырды, жаңа медиаға жол ашты.Қазақ интернет-журналистикасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, нақтырақ, 1995 жылы қалыптасты.

Сөйтіп ондаған жылдың ішінде отандық интернет желісі-Қазnet-тің үлкен бір саласына айналды. Қазnet-тің жандануы нәтижесінде жаңа медиа арналары дамыды: көптеген БАҚ дәстүрлі түрден заманауи мәтіндер мен құрылымдарға ауысты, қазақтілді контенттер мен аудиовизуалды ақпарат көлемі артты, таралу ауқымы кеңейіп, қолжетімді бола түсті. Жаңа медианың журналистикаға ықпал-әсерін екі тарапта қарастырған жөн. Ғаламтор арқылы қазақтілді ақпарат алаңдары: порталдар, сайттар, форумдар мен блогтар қазақ аудиториясына тікелей бағытталып жатыр. Жаңа медиа қоғамда журналистиканың жаңа формасын туғызды , ақпараттың мәтінге тәуелділігін жойды. Себебі, мультимедиялық, графикалық ақпараттың таралуы мәтіндік жүйенің баламалы тенденциясына айналды. Интернет журналистика журналистиканың басқа салаларына қарағанда аса жоғары қарқынмен дамыды.Мысалы, әлемде радио алғашқы 50 миллиондық аудиториясын 38 жылда , ал телеарна 13 жылда жинаған екен. Ал, интернет небәрі төрт жылда осындай көрсеткішке ие болды.Иә, интернет осылай аз уақытта жоғары көрсеткіштерге ие болып, шексіз мүмкіндіктерге қол жеткізді.Финн журналистерінің пікірінше, компьютер журналист туындыларының сапасын тек арттыра түседі.

Бүгінгі күні Гутенбергтен бастау алған баспадан бастап , газет – журнал, көк экранның өзінің электрондық нұсқасы бар. Журналистика әлемінің шеберлері интернеттегі сайттың телеарнасына қосымша бедел қосып , жарнамалауды да қолға алды. Сөзсіз , қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желілер жарнаманың қызып тұрған ортасы. Айта кетерлік ақпарат,әлеуметтік желілер тарихы 1995 жылы америкалық портал «classmates.com» - нан бастау алады екен . Ал,бүгінгі Instagram желісі көпшіліктің ажырамас досы іспеттес.

«Біз «білім  ғылым  инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз».Бұл жолда адам санасының жетістігі – техника мүмкіндіктерін талай қолданатынымыз айдан анық. Бұл жолда тоқтап қалмау үшін біз , жастарға , білім керек . «Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол  білім! Ол  еңбек!


Ұлжан Тұрлыбек

7 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page