Алмагүл Құрманбаева,
«Тұран» университетінің доценті
Соңғы кезде елімізде университеттер саны қысқарып, білім сапасын көтеру басты талапқа айналды. Өйткені Қазақстанда көптеген оқу орындары университет болу үшін бірнеше мамандықты ашуын ашып алып, енді соны игере алмай жатыр. Салдарынан түлектері оқу бітірген соң жұмыс таба алмай қиналады. Гранттар бөлінгенімен, кейбір мамандықтарға өңірлерде сұраныс жоқ. Бұл жайында Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов та сөз еткен.
Оның сөзінше, студенттердің саны өсіп, университтер көбейгенімен, білікті оқытушылар қатары мүлдем артпаған. Жалпы Қазақстандағы университеттердің 10-15 пайызы талапқа сай келмейтін көрінеді. «Қазақстанда 130-дан аса университет бар. Қазір олардың саны қысқарып, кейбіреулерінің дәрежелері өзгеріп те жатыр. Сонымен қатар кейбір жоғары оқу орындарына бірігуі мүмкін. Сол үшін де білім сапасын арттырып, түлектердің біліктілігін көтеру керек» дейді Р.Алшанов.
Сондықтан әр студентті қағаз емес, іс жүзінде дайын маман етіп шығаратын оқу орны қажет. Сондай жоғары оқу орнының бірі – «Тұран» университеті. «Тұран» университеті әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы біліммен қамтамасыз ететін, ғылыми инновациялық зерттеу жұмыстарын іске асыратын, корпоративтік басқарудың тиімді жүйесі бар орталық. Мұнда білім берудің толық циклы: бакалавриат, магистратура және докторантура, PhD бар. Университет төрт институттардан тұрады: қазақ қоғам жүйесінің ғылыми-зерттеу институты; Дүниежүзілік нарықты ғылыми-зерттеу институты, туризмді ғылыми-зерттеу институты, Халықаралық Көшбасшылық институт.
Баршаға арналған университет болғандықтан оқытушылар жоғары оқу нәтижелерін мен жоғары мектеп түлектеріне арналған білім беру бағдарламаларын қамтамасыз етті. Мысалы, 2012 жылы TIBS Халықаралық Бизнес мектебі құрылды. TIBS – ағылшын бакалавры, бұл шетелде білім алу мүмкіндігі.
Оған қоса, университетте төмен отбасылардан шыққан студенттерге материалдық қолдау жүйесі бар. Заман талабына сай білім ордасы жастардың кәсіпкерлік қабілетін дамытуға үлес қосады. Мысалы, университет жанында Кәсіпкерлер палатасы мен білім ордасының бастамасымен кәсіпкерлік негіздерін оқытатын оқу орталығы ашылды. Пандемия уақытында жұмысын тоқтатпаған орталық білімін онлайн форматта жүргізді. Ондағы шеберлік сабақтары, курстар, тренингтер барлық жоғары оқу орындарының 1-4 курс студенттеріне тегін өткізіліп жатыр.
«Біз «Тұран» университетімен бірге оқу орталығын аштық. Онда болашақ бизнесмендерді өсіретін боламыз. Өйткені көп оқу орындарында «кәсіпкерлік» атты мамандық оқытылмайды. Біз осыны дағдыға айналдырамыз» дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов. Оған дәлел былтыр университетте «Атамекен» ҰКП, Тұңғыш Президент – Елбасы қорының, Қазақстан маркетинг қауымдастығының қолдауымен мектеп оқушылары мен студенттер арасында кәсіпкерлік фестивалі өтті. Кеште жас кәсіпкерлер алдында сөз сөйлеген Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Әбілшайықов «Алматылықтардың 46 пайызы – 30 жастан төменгі жастар. Олардың 215 мыңы 41 жоғары оқу орнында және 78 колледжде оқитын студенттер екен» деді.
ҚР ҰКП реестріне енген 16 сертификаттау орталығы Алматыда орналасқан. 2019 жылы сертификаттау орталығында 12,1 мың адам білім алса, олардың 10,7 мыңы – колледж түлектері. 2020 жылға дейінгі аралықта жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан қысқамерзімді білімін көтеруге ҰКП білім ұйымдарының реестріне 74 оқу орталығын енгізіліп, олардың саны 98-ге жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда бес есеге көп екен. Бұл дегеніміз – жаңа кәсіптің ашылуы. Ол – еліміздің экономикасының қозғаушы күші. Ал соның арқасында еліміздегі қаржы, сауда белсенділігі өседі.
Сондай-ақ өткен жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Тұран» университеті «Алтын сапаны» жеңіп алды. Бұл да университеттің мәртебесін биіктетіп тұр.
Comments