top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?


Кедейлік пен қылмыстың басты қоздырғышына айналған жұмыссыздық қазірде әлемнің басты мәселесі. Бүгінде әлемде мүлдем жұмыссыз 260 млн адам бар екен. Ал оның 70 пайызынан астамы - 27 жасқа дейінгі жастар. Ал жастардың жұмыссыздығы қазірде жаһандық проблемаға айналуда. Тек жаһандық емес, өзіміздің елдің күнтізбесінен түспейтін жастардың жұмыссыздығына не себеп? Үкіметтен бөлінер қыруар қаржы болғанымен неге көрсеткіш саны азаяр емес?

2014 жылы еліміздің жұмыссыз жүргендерінің 50 пайызынан астамын жастар құраған. Өткен жылғы дерек бойынша жұмыссыздар саны 441,6 мың адамды құраған. Бүгінгі таңда Қазақстан халқының 26 пайызын жастар құрап отыр екен. Статистика мәліметтеріне қарағанда, Қазақстандағы 14 пен 29 жас арасындағы жастар саны 4,5 миллионнан асып жығылады. Соның ішінде ауылдағы жастар саны 2 миллионнан, ал қаладағы жастар саны 2,5 миллионнан асады. Енді ойша елестетіп қарасақ, екі қолға бір күрек таба алмаған жастар қаншама?

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуына себеп те аз емес. Солардың қатарында ең әуелі жоғары оқу орындарының нарық талабына сай маман даярлай алмауы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымдардың болмауы, жұмыс берушілердің жас мамандарды жылы қабылдамауы. Бұл бүгінгі қоғамда айқын көрініс тауып отыр. Оны ешкім жасыра алмайды. Жоғары оқу орнын бітірген түлектерді ешқандай жұмыс беруші құшақ жая қарсы алмайтындығы да ақиқат. Ал кейбір мамандар жоғары білімді жастардың жұмыссыздығын олардың мамандықты дұрыс таңдамауымен байланыстырады. Қоғамға керек мамандықты емес, "сәнге" айналған мамандықтарды таңдауға құмар жастардың мамандыққа деген талғамы қате деуге саяды. Ең өкініштісі - енді ғана жоғарғы оқу орнын бітірген жас маманнан жұмыс орнының "пәлен жылдық тәжрибе" сұрауы. Демек, болашақ маманның өз ісіне кірісуі үшін, студент кезінен-ақ тәжірибе жүзінде мамандығына баулу керек. Дегенмен, тәжрибелі маманды іздейтін жұмыс орындары, есік қағып келген жас маманды жұмысқа қабылдауы екіталай.

2018 жылғы тағы бір дерекке сүйенсек, мемлекеттен білім саласына 14 млрд теңге бөлінген. Оған 100 мыңнан астам адам білім алып, оқу бітірушілердің 58 пайызы ғана екі қолға бір күрек тапса, қалған 42 пайызы өз мамандығына сай жұмыс таба алмаған. Оған қарапайым мысал, менің жақын туысым- Айбын. Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған деген 2 дипломы бар. Бірақ өз мамандығы бойынша жұмыссыздардың қатарында жүргеніне биылмен 5 жыл. Отбасын асыраушы жалғыз өзі болғандықтан, мамандығынан тыс қара жұмыспен айналысып, қалған уақытта такси жүргізеді. Бұл қарапайым бір мысал, ал елімізде бұған ұқсас қаншама жайт бар? Біздің тілек 4-5 жылдық уақытын жұмыссыз қалу үшін оқымаған әр үйдің асыраушылары жұмыссыз қалмаса екен...


Дана Ерланқызы

3 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

コメント


Пост: Blog2_Post
bottom of page