Осы өмірдің қызығы да, шыжығы да, қатар жүретінін білмейтін жан баласы жоқ шығар, тынымсыз күйбең тіршілікті жан – жақты бақылап үлгермейміз. Осы өмірге құлшылық етіп, сынақтан өту үшін жаралған кей адам балалары, өмірде барына, аяқ – қолының саулығына тәубе ете алмай жүр. Нені айтсаң да әйтеуір заман өзгерді ғой, немесе маңдайға жазылған тағдыр деп заман мен тағдырды қатігез етіп, бәрін соған әкеп тіреп қояды. Өткеннің тарихында өшпес із қалдырған пайғамбарлар мен сахабалар, ақын, жазушы, ғалымдар тағыда басқа ұлт зиялылары тірнектеп абырой жинап жүріп, халықтың әлуметтік, өзекті жағдайларын сипаттап жазған. Сонымен қатар халықтың көзі ашық, көкірегі ояу болсын, еш нәрседен таршылық көрмесін деген ниетпен талай ерен еңбек жасап, ұрпаққа мұра етіп қалдырған.
Тарихта өшпес із қалдырған, өмірде нағыз үлгі тұтар азамат бола білген, ұлт жан ашырларын қазіргі таңда үлгі қылып жүрген ұрпақ жоқтың қасы. Қазіргі ұрпақ қандай? Кезінде елі үшін, жері үшін жанын пида еткен ақындар, жазушылар, реппресияға ұшырап қыршын кеткен ата-бабаларымызды неге ұмыт қалдырдық? Қызы салихалы, инабатты, сыпайы, ал ұлы нағыз азамат, ер мінез, батыл, білімді болған бұрынғының ұрпақтары қайда?
ХXI ғасыр - компютер, интернет, технология дәуірі. Адамдар қатардан қалмауы үшін осы технологияның бәрін меңгеріп, қолданып жүр, пайдасы да біршама. Бірақ, бір әттеген – ай бар, осы уақытта бәрі жетеді, бәрі бар есесіне тәрбие мен елге деген сүйіспеншілік жоқ. Кей ерлер еркек емес әйел сияқты, бойынан ерге тән қасиет таба алмайсын, қазіргінің қыздары сияқты салоннан шықпайды, шашын қызылға, сарыға яки жасылға алмастырып бояп алып, бет аузына баттастырып бояу жағуға құмартып кетіпті. Кейіннен көгілдір жігіттер шықпаса, ел қорғандары шығатынына көңіл шіркін, сеніңкіремейді. Егер жігіттеріміз бегімдерімізге лайық бола алмаса, қазақ қызы басына қорған болар жар іздеп, қазақ емес өзге елдің жігіттерін өздеріне жолдас қылып, басқа елдің ұрпағын жалғастырып, түтінін түтетсе не деп сөкпекпіз? Артынша «қазақ қызын кім алмаған, Моңғол ханы Шыңғыста тоқал қылып қазақ қызын алды емес пе?» дейміз де қоя саламыз.
Арын сақтаған от анасы, ошақ қасы, он-он екі бала анасы, салихалы келін бола білген өткендегі апа – әпкелеріміздің жалғасы қазіргі таңда арын ақшаға айырбастап жүр, бұған кім кінәлі? Бойжеткеннің жеңіл жүрістікке салынардай басына не күн туды? Бәрібір түптеп келгенде ата – ана тәрбиесіне тіреледі. Егер баласына дұрыс тәрбие берсе, қызын қырық үйден тыйса, қандай бала жаман болады?
Баланың бетінен қағуға болмайды, психологиясы бұзылады - бұл бала тәрбиесінің қазіргі таңдағы көрінісі. Бұрындары керісінше сияқты еді, ал бүгінде баланың айтқаны әке – шешеге заң. Қалтасында соқыр тиыны қалмаса да «балам ішсін, кисін, білсін, көрсін» дейді, жоқтан бар жасап тырмысады. Ал оны түсініп жатқан бала бар ма? Дастарханға қойылған қара наның қандай термен келгенінде ұқпайды. Білетіні - сәнді киіну, тәтті тағам жеу, қыдыру, кейін соның бәрін өздері тауып жатқадай ата-анаға кіжіну. Бұл сол өзіміздің санаға тоқып алған теориямыздың нәтижесі. Кезінде молдадан таяқ жеп, ата-анадан сөз естіп көрген балалар бүгінде тарихтың майталман, баға жетпес тұлғасы болып, аттары алтын әріптермен жазылған. Бірақ біздің заман балалары не ата-анасын, не мұғалімін сыйлаудан қалып барады…
Енді қазақ мәдинетіне қарай ойыссақ. Мәдинет түсінігінің бір бөлігі – эстрада. Бұрынғының жұлдыздары нағыз жарқыраған жұлдыз еді, Сара мен Біржан сал, Қорқыт, Құрманғазы, Диналардың сабақтастығын үзбеген бертін келе Роза Бағыланова, Мәдина Ералиева өте керемет ақын, әнші, күйшілердің біріккен жері эстрада еді. Осы заманда эстрада клоундар өнер көрсететін цирке айналып бара жатқандай. Сахыналық обрыздары қазақ халқының менталитетіне жат, барлығы батыстың көшірмесі. Сахна біз үшін шексіз әлем деп, бір жапырақ бикене киіп қызыда ұялмайды, шашын бояп сәнденетін ұлы да ойланбайды. Оны көрген жастар еліктеп, дәл сол ашық – шашық киімді сұлбаларына жапсырып киіп алып қысылмай қоғамда емін еркін жүреді. Ал, Алланың бұйрығымен, пайғамбарлар сүннетімен орамал орап, ұзын етек киген қыздар қоғамға көзге шыққан сүйелдей болып кеткен. Орамалды қызды көрсе ат тонын ала қашатын адамдарда жоқ емес, есесіне алқам – салқам киінген адам көрсе « мода» дейді. Сол ерсі обрызды насихаттайтын әншілердің айтатын әндерінің көбісі мағынаға кедей, өлеңі дүңкілдеген адамның нәпсісін қоздырып, билете жөнелтеді. Бәріне бірдей топырақ шашуға болмас, арасында қазақ халқының құндылықтарын ту етеіп келе жатқан әншілерде жоқ емес, бірақ заманның хитмендері құндылықты ескермек түгел білетіндіктеріне сену қиын.
Осы өмірде әрбір адамның үлгі тұтар жаны болады, ол әлбетте көпшілік үшін ата – ана. Әке, шеше баласы үшін әр қашан демеуші, бағыттаушы. Егер баланың салихалы ұрпақ болғанын қаласақ алдымен ата – аналар өздерін тәрбиелеп, тәубе етуі керек. Өз білген, түйгенін, өмірден алған сабағымен тәжірбиесін ұрпағына үйретіп отырса, елімізде айтылатын мынандай өзекті қателіктер болмаушы еді.
Бәріміз Алланың құлымыз. Хақ Тағаланың бүйрықтары құлына заң, пайғамбарлар бір Алланың бұйрығын ұрандатып дұрыс жолды бізге әлде қашан көрсетіп кеткен. Мұсылман ретінде пайғамбарларымыздың нұсқауымен лайықты өмір сүрсек, Құдайдың мейрімімен назарынан шек қалмаймыз. Екі дүниенің бақытына кенелгіміз келсе, онда мына сынақ үшін жаратылған дүниеде лайықты орын тауып, ақыреттің қамын ойлауымыз қажет.
Бұл шығарманың оқырмандары түрлі ойға бөлінетіні сөзсіз. Талғамда талас жоқ , біреуі қолдаса біреулері тырнақ асты кір іздеуге әзір. Жасына қарамастан өзінен жасы үлкендерді сынға алды деп сөгетіні де бар шығар. Бастысы қырағы көздің назарына ілінетінім анық. Менің бір құрбым « эстрададағы кей поп жанрындағы жастардың обырыздары, әндері, стильдері ұнайды, бірақ мен араласатын адамдардың обырыз, стильдері оларға ұқсағанын қаламаймын» деп айтпақшы менен аулақ, басқасы гүл болмаса күл босын демей, үйде отырып жұлдыз санап, еріккенше өзіммен қатарлас замандастарыма құнды ой салмақ ниеттемін.
コメント