top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

ЗАМАНЫНА САЙ МАМАНЫ



Жас болып, жастықтың лебімен баршамыз маман атануды армандаушы едік. Алайда, арманның бәрі орындала бермейтіні өкінішті. Бүгінгі күні жастарымыз өз қалауымен емес, ата - ананың немесе қоршаған ортаның ықпалына тәуелді. Қазір талапкерлердің қалаға ағылып жатқан кезі. Бәрінің қолында үлкен өмірге жолдама беретін аттестат, яғни мектеп бітіргенін растайтын құжат бар. Бәрінің арманы – жоғары оқу орнына түсіп, маман атану. Ал мамандық таңдарда талапкерлер нені ескергені жөн? Қоғамға қажетті маман иесі атану үшін ата-анаң мен жақындарыңның ақыл-кеңесіне немесе жүрегіңнің қалауына құлақ асудың маңызы қандай? Осы іспеттес сұрақтар көкейімізде жауап таба алмай жатады. Өз ісінің маманы атану екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. «Өмірде жар таңдаудан және мамандық таңдаудан қателеспеу керек» деген сөз осыдан шықса керек. Кез келген нәрсеге махаббат керек. Мамандық та соны талап етеді. Дәлелдеп өтсек.

Бірінші курс кезі түсірілім сәті болатын, бәрімізді көрермен ретінде шақырды. Қуана - қуана келістік. Сол сәтті пайдаланып, телеарнада жұмыс істейтін журналистке қызығып, бір екі сұрақ қойған болатынмын. Әңгіме арасында өзінің негізгі оқыған мамандығы бухгалтер екенін айтты. Таңырқағанымды жасыра алмай, "Неге қазір диплом бойынша жұмыс істемейсіз? -деп, сұрақ қойдым. Диплом шаң басқан күйі үйдің бір бұрышында жатқанын айтты. Журналистика мамандығына балы жетпей, бухгалтер факультетіне грант ұтып алған. Міне, жүрек қалауы бәрінен жоғары болатынының дәлелі.

"Заманына қарай маманы" жаһандану дәуірінде бәрі де қалтасын қалың ететін, беделді әрі жеңіл жұмыс істегенді жаны жақсы көреді. Ата аналарымыз да кішкентай кезімізде балам "дәрігер" болады немесе "заңгер" деп мақтанып жатады. Бірақ өсе келе біздің мақсатымыз, бойымыздағы дарын, қабілет сай келмей, қоғамдағы өз орнымызды жоғалтып алуға өз әсерін тигізеді. Мен де балалық шағымнан теледидар көріп, тележүргізушілерге қатты қызықтым. Журналист атану ең үлкен арманым еді. Алайда, әкем бұл шешімімді құптаған жоқ, маған қарсы болып, бас тартқанымды қалады. Білсеңіз ғой, түнде ұйқымнан айырылдым, менің басқа таңдауым жоқ. Ата - анама түсіндіруге тырысып, журналист болу үшін кедергілердің бәріне шыдамдылық таныттым. Дәл сол шыдамдылық арқасында арманымды мақсатқа айналдырып, өзімнің қолымнан келетінін дәлелдедім. Қазақстан экономикалық саяси тұрғыдан дамыған мемлекеттер қатарында болу үшін бізге өз кәсібінің мамандары қажет. Дәлірек айтқанда, ел болашағы жас ұрпақтың қолында, жастар патриоттық тәрбиені бойына сіңіріп, халқы үшін адал қызмет етсе, келер күніміз жарқын болатынына кәміл сенеміз.


Мунира АМИРОВА

"Тұран" университеті 3-курс студенті

13 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page