top of page

Зорлық зомбылықсыз болашақ

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 21 окт. 2019 г.
  • 2 мин. чтения


Жер жүзінде балалардың құқықтарын қорғау тарихы аз уақытты құрайды деп айта алмайсыз. Бұл жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болыпты.1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, Республикамыз бала құқықтарын қорғау жөніндегі маңызды конвенцияларға қосылды. Бұл конвенция бала құқықтарын айқын белгілеген басты құжат болды. Бүгінгі күні аталған Конвенция әлемнің барлық елдері қол қойған халықаралық құжат болып табылады. Осы кезден бастап біздің мемлекетіміз миллиондаған қазақстандық балалардың құқықтарын қамтамасыз етуде айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді. Ең бастысы - 2004 жылы тамызда «Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды. Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.Бала өмірге келе салысымен өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы.

 Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.Десе де, елімізде бүл заңға бағынбай,жасөспірімдер мен бүлдіршіндердің қауқарсыздығын пайдаланып, Физикалық, Сексуалды,п сихологиялық, Эмоционалдық, Экономикалық тұрғыда күш көрсетумен қылмысқа бой алдырып жүргендер жетерлік.

Бала-бауыр етің », « Балалы үй - базар », « Атамды алсаң ал, бірақ ботамды алма » деген қағидамен өмір сүретін қазақ жерінде балаларға деген қамқорлық қандай деңгейде? Балалар күнінде ұйымдастырылған шараларға қарап кейде жалпы біздің елде балалардың барлығы шат - шадыман өмір сүріп жатыр екен деген әсерде болатыныңыз сөзсіз. Бірақ үсті-бастары алба - жұлба болып, екі кештің арасында көше кезіп жүрген немесе қоқыс жәшіктерін ақтарып жеуге келетін нәрсенің бәрін қыл тамағынан өткізіп жүрген балаларды көріп ол әсерден тез арыласыз.Балалардың құқығын қорғауға бағытталған жұмыстар бар, Бірақ жеткіліксіз... шен-шекпенділер тек 1 ші маусым күні ғана улап - шулап жетім балалар үйілеріне барып, азын-аулақ сыйлық тапсырып, оны жарнамалап кетумен құтыла салады . Ал, белдері бүгіліп дала жұмыстарын атқарып жүрген немесе базарда жүк тасып жүрген әлі сүйегі қатып үлгермеген балғын балалар қаншама! Тіптен азғын адамдардың жас балаларға көрсеткен зәбірлерін естігенде төбе шашың тік тұрады. Аузынан ана сүті кеуіп үлгермеген қыз балаларды жезөкшелікке жегіп қойған адамдардың қатыгездігіне не айтуға болады? Ең қорқыныштысы соңғы жылдары қазақи санамызға педофиль деген қорқынышты терминнің сыналап орнығып келе жатқаны.

Онымен қоса, ата-аналардың маскүнемдіккке салынуы салдарынан балалардың зардап шегуі де бар . Арақ деген әзәзілдің шырмауына түскен аналар өз іштерінен шыққан балаларын үйден қуады немесе араққа жұмсап әбден ығыр еткен, онымен қоймай ұрып-соққан ата-аналарынан өздері қашып жүріп балалар адам айтқысыз қылмыстарға ұрынады, тамақ үшін арзан жұмыс күші ретінде жалданып денсаулығын құртады, тіптен мүгедек те болады. Қат - қабат шаруаның қызар кезінде тағы да балалардың еңбегін қанау басталады деген сөз. Оған көбінесе күн көрісі төмен отбасының балалары мен қараусыз қалған балалар тап болады. Байқасаңыз қалада қоғамдық көліктерде майда шүйде заттар сатып жүретін балалар көбейген. Бір жағынан қарасаңыз қаңғып бос жүргенше, еңбек етіп ақша тапқаны жақсы ғой дейміз, бірақ олардың қауіпсіздігі кімнің бақылауына?

Қазақтың кемеңгер ұлы Мұхтар Әуезовтің « Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзінің салмағы мына заманда тіптен құнды десек қателеспейміз. Болашақта еліміздің тізгінін ұстар өркендердің тәрбиесін бүгіннен бастап қатаң назарда ұстамасақ ертең оңбай өкінетініміз даусыз.

Әсел Зейнуллина

 
 
 

Comments


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page