top of page

Инвестормен кездесу кезінде ескеріңіз

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 22 окт. 2019 г.
  • 2 мин. чтения


Қоғамда өз кәсібіне инвестор іздеп жүргендерді жиі кездестіруге болады. Демек, бүгінде инвесторлардың көмегіне жүгіну актуалды. Ал инвестиция дегеніміз не? Инвестиция — табыс алу үшін шаруашылық жүргізуші субьектілері салатын қаражат. Ал оны жүзеге асыратын адамды инвестор деп атаймыз. Инвестор — үнемі табыс алуға, капитал құнының өсуіне мүдделі болады. Кәсіпкер инвестормен кездесу кезінде мына бір ережелерді ескерсе, пайдасын тигізетіні сөзсіз. 1) Әңгімелесу кезінде өтірік айтпаңыз. Себебі тәжірибесі мол инвестор өтірік айтып отырған адамды дереу біліп қояды. Абырой бәрінен де маңызды. Сондықтан оны құртпауға тырысқан жөн. 2) Инвестор алдында презентация қорғауға алдын-ала дайындалу керек. Ойды анық, дұрыс және жылдам жеткізе білу шарт. Оны Рower point форматында 10-15 беттік қылып жасаған жеткілікті. Ал қаржылық моделін көрсету міндетті емес, бастысы керек инвестиция құны мен оны қайтару уақытын презентацияда атаңыз. 3) Дресс-код та маңызды. Классика немесе ресми стильде киініп келген адам инвесторға құрметін көрсетіп, шын мәнінде осы жобамен айналысуға деген ниетін білдіреді. Инвестиция қандай жобаға беріледі? Біріншісі, табысқа жету мүмкіндігі жоғары жобаларға, екіншісі, рентабельді, яғни, таза табысы көп болатын жобаларға. А және Б жобасы бар делік, екеуіне де 10 миллион теңге мен алға басуы үшін бір жыл керек. Бірақ оның бірі 10 миллион, екіншісі 20 миллион табыс әкеледі. Яғни, инвестор үшін В нұсқасы тиімді, себебі ол үшін келісімшарт бойынша жұмсаған әрбір теңгесіне алатын дивиденті маңызды, ал кредиторға бәрібір, оған тек пайызбен қайтарып берсең болғаны. Жаңа, еш жерде жоқ дүние үшін ақша бөлу қиын. Себебі оның болашағын білмейсің, тәуекел де шексіз. Ең жақсы нұсқа, дайын, тесттен өткен жобамен келу. Мысалы, бір жерден мынаны аштық, нәтижесі мынандай, енді екінші жерден ашқымыз келеді деген ұсыныстардың өту мүмкіндігі жоғары.

Инвестор идеяны ұрлап алуы мүмкін. Барлығы идеяны ұрлап ала алады. Сол үшін "инвестор" деп кез-келген адамға бара беруге болмайды. Оны таңдағанда абай болған жөн. Алдымен мұқият зерттеп, жұмыстарымен танысыңыз. Күдік тудырса, жақындамаған жөн. Ал жұрт алдында абыройлы, сыйлы болса, жұмыс істей беруге болады. Ол идеяны ұрлап алған қездің өзінде, дәл сіз елестеткендей қылып шығармайды. Себебі түсініктер әртүрлі.

Қорытындылай келе, әрбір кәсіпкерге берілетін мүмкіндік шексіз. Жоғарыда көрсетілген кеңестерді ескерсеңіз, прогресс пайда болуы әбден мүмкін.


Ақтолқын УТЕНОВА

 
 
 

Comments


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page