Қазіргі кезде әрбір адамда бір телефон бар. Сол телефонның қызығына кіріп, өтпей тұрған уақытта да өткіземіз. Менен сізге қызық деректер болсын.
Инстаграм – қазір көш бастап тұрған қосымша. Қарап отырсаңыз, тарихы алыста жатқандай көрінеді. Дегенмен, біз қолданып жүрген қосымша осыдан небәрі 10 жыл бұрын жарыққа шықты. 2010 жылы Apple компаниясының App Store қосымшалары дүкенінде дүниеге келген екен.
Біз қазір күнделікті салып жүрген «Сториз Инстаграм» осыдан 4 жыл бұрын ғана іске қосылған. Араға 1 жыл салып «Тікелей эфир» пайда болды.
Міне, осылай енді дамып келе жатқан қосымша бүгінгі күнде миллиондаған қолданушының көңілінен шығып отыр. Оған қоса, инстаграммен табыс табатын жандар да көбейіп, оффлайн жұмысымызды онлайнға ауыстырған заман болды. Сондықтан пайдалы тұсын ескере отырып, табыс табуға ең қолайлы қосымша десек те болады.
Қолыңыздағы қосымшаны тиімді пайдалана алсаңыз, табысты болуыңызға болады. Ол үшін SMM, Копирайтинг, Таргеттік курстарды оқып алсаңыз, жақсы меңгеріп кетесіз.Бұл салалар енді дамып келе жатқандықтан сұраныс жоғары.
Журналистика факультеті 2-курс
Кенгашева Айсауле
Comments