top of page

Келешекке сеніммен көз тігеміз

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 19 нояб. 2019 г.
  • 1 мин. чтения


Қазіргідей ала-құйын кезеңде, ақпараттар тасқыны сан қилы арнада өзгерген заманда бағыт-бағдарымызды байыптау оңай емес. Шет елдің бізге жат мәдениеті мен өнері тоқтаусыз енуде.Олардың қайсысы жақсы,несімен пайдалы екендігін ажырату жас буынға қиынға соғып тұр. Іріктеп ала білу тек көзі қарақты,жан дүниесі сан тараптан саналы ойды түйсікке ала білер білімді адамның ғана қолынан келеді.

Жаңа замандағы ұлттық сана,ұлттық кодты сақтап қалу,ұлттық дәстүрді дамыту,бәсекелестікке қабілеттілік,білім біліктілігі,шетел тілдерін меңгеру,зияткерлік өнім,мұның бәрін талдау – өз алдына бөлек әңгіме.Оны ұғыну,кәдеге жарату – біздің басты міндетіміз.Онсыз еліміздің ілгерілеуі мүмкін емес.

Туған жердің байлығын сақтау,үнемдеу мен қорғау,тиімді пайдалану,экологиялық өмір салтын қалыптастыру,техникалық үдерістерді игеру – жастарға жүктелген аманат.Біз осының бәрін жан – тәнімізбен санаға сіңіргенде ғана,тәуелсіз елдің ертеңін қалыптастыра аламыз.

Мен биыл универ қабырғасында,құрбы-құрдастарыммен бірге арман жолында келеміз.Келешекке сеніммен көз тіккен достарыма «Уақыт – жүйрік,кешеуілдеуді күтпейді,асығайық,азат елдің мақсатшыл азаматы,жаһандану заманында ойымыз сергек болсын»дегім келеді.Сонда Елбасы айтқан ұлағатты тапсырмаларды орындай аламыз.


Бибақыт Ерсайынова

 
 
 

Comments


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page