top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

«КИДНЕПИНГ» ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?!


«Киднепинг» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «адам ұрлау» деген мағынаны білдіреді. Ол жасырын немесе ашық түрде, адамды заңсыз ұстап алу арқылы жүзеге асады. Көбінесе адам ұрлау — пайдакүнемдік ниетпен жасалады. Оған қоса ұрланған адамды пайдаланып туыстары мен жақын адамдарынан ақша өндіруге бағытталған әрекет болып табылады. Ең жаманы — балалардың қылмыскер тарапынан ұрлануы.

Қазіргі таңда әлемнің кез-келген елінде адам ұрлау фактілері күн сайын тіркеліп жатыр. Олардың нақты санын анықтау үшін, түрлі статистикалар әзірленуде. Қолға түсірілген мәліметтер негізінде жыл сайын «адам ұрлаудың орталықтары» саналатын елдер анықталады. Мысалы: 2007 жылы бұл атау Иракқа тиесілі болды, онда 1500-ге жуық шетелдіктер азаматтар ұрланған екен.Ал 2004 жылы Мексика, 2001 жылы Колумбия елдері осы атаққа ие болған еді.Шындығына келер болсақ, адам ұрлаудың нақты статистикасын жинау қиын. Дегенмен болжамдар бойынша әлемде адам ұрлаудың саны жылына 12,5–25,5 мың адам деп есептеледі, оның ішінде Колумбияда жылына 3,6 мың.

Америка Құрама Штаттарында жылына екі мыңнан астам баланы ұрлау оқиғалары тіркелген. Көптеген қылмыстар Еуропа немесе Латын Америкасы елдеріне тиесілі. Ең қызығы, Америкада бала ұрлаудың басты себептерінің бірі — бұл ақша емес, ұрланған баланы өз бетінше өсіру ниеті. АҚШ-тағы «Балаларды қолдау» ұйымының статистикасына сәйкес, бала ұрыларының 60%-ының қылмыстық өмірбаяны жоқ. Бұл олардың қылмыс жасамағанын дәлелдейді. Бірақ, бала ұрыларының психикалық ауытқулармен ауыратын адамдар екені расталған. Егер Америкада бала ұрлығы болса, басты күдікті ретінде баланың туыстары мен көршілері саналады. Сондай-ақ, кейбір жағдайларда қылмысты оның биологиялық әкесі немесе баламен бір шаңырақ астында тұрмайтын анасы жасаған болуы мүмкін.Ал кейбір жағдайларда адам ұрлығын жасағандардың мүлдем бейтаныс жан екендігі де анықталып жатады.

Қорытындылай келе , адам ұрлау жас немесе кәрі деп бөлінбейтіні өкінішті... Алайда, әр қылмыстың өтеуі жаза екенін ұмытпайық. Елімізде қасақана адам ұрлығын жасаған қылмыскерлерге — 11 жыл абақтыға жабу жазасы қолданылады. Сондықтан әрбір қимылымызды ой елегінен өткізіп жасайық.


Гүлмира ҚОШАЕВА

1 просмотр0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page