top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

КҮЛКІ-ӨМІРДІҢ КІЛТІ


Кішкентай баланың жымиған күлкісіне қарап бір ойға шомылып кететінім бар. Оны күлдіру үшін біз түрлі іс-қимылдар жасаймыз. Алайда оны түсініп тұрған бала бар ма? Әйтеуір, шиқылдаған бала күлкі. Өзінің ақыл-ойы дамымаған, қайғы-мұңы жоқ, ештеңеде уайымға салынбайтын әлдидің күлкісіне өзіңде кіріп кеткің келеді. Оған қоса, кез келген адам баласының жүзінен ғажап күлкіні көрсең, сеніңде көңілің тыныш тұратындай. Сондықтан да күлкіні ұнатпайтын адам жоқ шығар, сірә. Өміріміздегі бақытты сәттерімізді, қайғы мұңды да, қуанышты да бір ғана күлкіден көре аламыз. Себебі, жүзіңе рең беріп, шырай сыйлап, жылу ұялататын да – сол күлкі. Күлкінің өзі әртүрлі талданады . Күлкісіне қарап, адамның мінезін, ішкі жан-дүниесін шамалауға болады екен. Осыған сәйкес мынандай деректер келтіріп кетейін: Бүгінде адамдар жүз жыл бұрынғыға қарағанда, аз күледі. Ал кішкентай әлди үлкен адамға қарағанда, 20 есе көп күледі. Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі екен. Ең қызығы, күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады екен. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға "Күлкімен адамды емдеуге бола ма?" деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізгу барысында науқастарға таңертең дәрілермен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттер әкеліп беріпті. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады. Күлкінің төресі - кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі. Сондықтан да күлкіні өмірдің кілті десекте қателеспейміз. "Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды" деген Элла Уилер Уилкокс жазушының бұл сөздері өте мағыналы. Сондықтанда, қандай жағдай болмасын үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық...


Құралай ЖАНДАРБЕКОВА

«Тұран» университеті

4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Комментарии


Пост: Blog2_Post
bottom of page