Қазіргі таңда теледидардан мән-мағынасы жоқ, ешқандай тәрбие бермейтін, тек уақыт өткізу үшін ғана көрсетілетін бағдарламалар, реалити-шоулар, сериалдар көбейіп кетті. Жұмыстан келіп жайғасып, теледидар көріп, кішкене шаршағаныңды басайын деп теледидарды қоссаң, бітпейтін мистикалық үндінің сериалдары, басқа каналға ауыстырсаң, үнемі қайғыдан арыла алмай жүрген түрік сериалдары. Батыстың кино-сериалдары бізді кәдімгідей жаулап алған. Кезіндегі "Келін" атты үнді сериалы есіңізде ме? Қателеспесем бұл сериал ұлттық арнамызда 5 жыл бойы көрсетілді. Әрине, күлкілі. Бірақ та қазір осы сынды түрік, үнді сериалдары ұлттық арналарымызда жылдап көрсетілуде. Сериалдардың мән-мағынасы тәрбиесі жоқ деуімнің себебі - бәрінің мазмұны бірдей. Бір бірін көре алмайтын, кек қайтаруды жақсы көретін, өтірікке толы шындыққа жанаспайтын, бастарындағы мәселелері ешқашан бітпейтін сюжеттер. Міне, бәрі осындай сюжетпен түсірілген сериалдар. Бұл жастарға, келешек ұрпаққа теріс тәрбиесін беріп жатқанын бәрімізде түсініп отырмыз. Тек мойындағымыз келмейді. Үйде отырған қыз-келіншектерге қазіргі таңда болып жатқан реалити-шоулар жақсы болды. Мәселен, "Қалаулым" "Кел Келінім" - атты бағдарламалар. Бұл шоудағы жүргізушілерде қатысушыларда этика эстетиканы білмейтін, эфир мәдениетін сақтай алмайтын, тіпті боқ ауыз сөз айтып жұдырық ала жүгіретін адамдардармен жиналған. Сағат түскі 12:00 де басталып, үш сағат тікелей эфирде жүргізілетін бағдарлама адамның алтын уақытын алуда. Баламен таласып отырып көретін көрермендер де жетерлік. Осыдан болар, эфир әлі көгілдір экраннан кетпей күнде жүргізіліп отыруының себебі. Бірақ та, осындай тәрбиесіз, мән-мағынасы жоқ, келешек ұрпаққа теріс тәрбиесін беріп жатқан бағдарламаларды қалайша эфирге шығаратынына таңым бар! Осыған ұқсас Ресей елінде "Дом 2" атты бағдарлама бар еді. Кезінде сол бағдарламадағы ұрыс-керісті, бір-бірінің шашын жұлған қыздарды көргенде күлуші едік, қазір өзіміз сол дәрежеге жеттік. Бұдан төмен дәрежеге түспейік, өз-өзімізді мазақ қылмай елге күлкі болмайық десек мұндай бағдарламаларды эфирге мүлдем шығартқызбау керек. Бұл біздің менталитетке сай емес, бізге жат деп туласақ та көрермендеі бар мұндай реалити-шоулар теледидардан жоғалмайды. Керісінше көбейе береді. Ел болам десең бесігіңді түзе деген атам қазақ. Сондықтан әр адам өзінен бастасын!
Перизат АБДРАЛИНА
Тұран Университеті 3 курс
Comments