Мазасызданудың себебі бар ма?
- TURAN UNIVERSITY
- 21 окт. 2019 г.
- 1 мин. чтения

19 жылдан астам уақыт бойы біз ХХІ ғасырда өмір сүріп келе жатырмыз. Барлығы тез өзгеретін ғасырда. Бұл тек техникалық прогрес пен халықаралық жағдайдың өзгермелілігі емес. Адамдардың, ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынастар да өзгеріп келе жатыр.Қазіргі ерлер мен әйелдерді ерлер мен әйелдерге теңестіретін болсақ, айталық, «тоқырау дәуірі», біз бәрібір әлдеқайда «жетілген» және тәуелсіз болдық деп ойлаймыз.Осыдан 50 жыл бұрын еркектер,қазіргі таңда,ең оңай болып табылатын жұмыртқаны пісіре алмайтын.Оның үстіне, әркім тіпті әйелі дайындаған кешкі асты қыздыра алмайтын.Қазіргі заманғы қоғамда ерлер тек аспаздық блогтар мен телеарналарға ғана емес, достарына немесе олардың отбасыларына тамақты қуана пісіріп береді.Жиі ет пісіру әйелдің іс-әрекеті емес деген сөзді еститін болдым.Ал еркек тамақ пісіргеннен кейін, ол өзі нарыққа да,азық-түлік дүкеніне барады. Оның үстіне, еркек үйге қажетті тізімді өзі жасап, осы тізімге сәйкес бәрін сатып ала алады.Социализм кезеңінде киімдер мен аяқ киімдерді сатып алу кеңестік әйелдердің иығына толығымен салынған. Ер адам өзіне қандай киім керектігін,тіпті оның өлшемі қандай екенін білмеді. Қазіргі еркектер өз киімін өзі ешбір көмексіз сатып алып, жаңадан шығып отқан трендтерден де қалмайды. Ер адам тек өзіне ғана емес,сонымен бірге әйелі мен балалары үшін де өзі таңдап,киім сатып алады.Қазіргі ер адамдар сұлулық салондарына жиі барады, өзіне барып маникюр,педикюр және шугаринг жасайды. Біреулер мұндай өзгерістерге риза, ал біреулер сағынышпег өткенді еске түсіреді, бірақ көбісі әлә де әйелдер мен ерлердің рөлі туралы әдеттегі стереотиптерді жылдам ұмытып кетуге дайын емес. Біз бірқалыпты және тәуелсіз болдық, бір-бірімізге тәуелді емеспіз. Мазасызданудың себебі бар ма?
Ақбота ҚОЖАЕВА
Comments